Мәселе

Алматыда бағдаршамның істен шығуына байланысты бірқатар автобус маршруты өзгерді

  • https://kursiv.kz/

    https://kursiv.kz/

Алматы қаласы Мобильділік басқармасы қаладағы Райымбек даңғылы мен Пушкин көшесі қиылысындағы бағдаршамның істен шығуына байланысты қоғамдық көліктердің маршрутына өзгеріс енгізілгенін хабарлады.

 

Райымбек даңғылы мен Пушкин көшесі қиылысындағы бағдаршамның кабель кәрізін апаттық қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты 2021 жылғы қаңтар айының 9 мен 11 аралығында Райымбек даңғылымен шығыс бағыттағы қоғамдық көлік қозғалысы уақытша жабық болады. 4,7,11,23,50,54,59,69,78,117,141 маршруттары уақытша Райымбек даңғылы бойындағы тоннель арқылы ұйымдастырылып, жолаушыларды отырғызу мен түсіру үшін аялдама уақытша Жангелдин көшесі қиылысында орналасатын болады, - делінген хабарламада.

 

Сонымен қатар №203, 207, 204, 221, 208, 220, 222, 224, 228 қала маңы маршруттары уақытша Жангелдин &ndash Мақатаев көшесі &ndash Көк базар және кері қарай бағыты бойынша ұйымдастырылады. 

 

Басқарма келтірілген қолайсыздық үшін кешірім өтініп, бұл бағыттағы  сапарды алдын ала жоспарлауды ескертеді.

 

 

 

BAQ.KZ




Көрілген: 1288    Пікірлер: 0

сенбі, 09.01.2021, 12:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31