Мәселе

Алматыда бала күтуші 1,5 жасар сәбиді ұрып-соққан

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматыда бала күтушінің қатыгез әрекеті әшкере болды. Әйел сәбиді ұрып жатқан сәт жасырын бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бұл туралы Facebook-тегі Немолчи.kz-парақшасында жазылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Баланың ата-анасының айтуынша, көршілері олар жоқ кезде балалары көп жылайтынын айта бастаған. Сол себепті ерлі-зайыптылар үйге жасырын камера орнатқан.

Кейін бейнежазбадан күтуші 1,5 жасар бүлдіршінді ұрып-соғатыны белгілі болды. Ауруханада баланың басынан соққы алғаны, жұмсақ тіндерінің көгергені анықталды. Қазір бүлдіршінің тәбеті жоқ және түнде мазасызданады.

Ақпаратта атап өтілгендей, осы фактіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы («Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз әрекеттер») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Жақында әкімшілік сот өтіп, судья істі қосымша тергеуге қайтарған.

Бала күтуші Өзбекстаннан келгені белгілі.

Ал Алматы қалалық Полиция департаменті бұл іс бойынша ақпарат дайындалып жатқанын хабарлады.

«Қазіргі уақытта бейнежазба зерттеліп жатыр. Ақпарат дайындалуда», - деді департаменттің баспасөз қызметінен.

 




Көрілген: 247    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 20.01.2020, 16:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29