Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алматыда қарт әжей бір апта бойы мәйіттің жанында жатқан

30 наурыз 2019, 10:05

Алматыда қарт әжейді қараушы әйел қайтыс болып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға Нұркент шағын ауданындағы №75 үйде болған. Көршілердің айтуынша, 86 жастағы әжейдің күтушісі аяқ астынан қайтыс болып кеткен. Ал науқас қария күтушісінің қайтыс болғанын ешкімге хабарлай алмаған. Осылайша бір апта бойы мәйітпен өмір сүрген. Есік іштен бекітулі болған.

Ал көршілері бір сұмдықтың болғанын жағымсыз иістен білген. Оқиға орнына жедел жәрдем мен полиция шақырылды. Полиция адам өлімінің болғанын растады.

«Иа, әйел адам қайтыс болып кеткен. Зорлықпен өлтіру белгілері жоқ. Дәрігерлер аяқ астынан болған өлім деді. Мәйіттің қанша уақыт жатқанын арнайы сот-медициналық сараптама анықтайды. Ал пәтерде болған қарт әжей аман. Оны дәрігерлер алып кетті», - деді қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

90-ға таяп қалған қарт әжей ауыр дертіне байланысты күтушісінің қайтыс болғаны туралы хабарды ешкімге жеткізе алмаған. Бір апта бойы тамақ пен сусыз жатқан қария ауруханаға жеткізілді.

«Пациенттің жағдайы ауыр. Оның жүрегінде ишемиялық ауруы болған. Аралас генезді энцефалопатиясы бар және құлағы жақсы естімейді. Түскен кезде Кахекси́я диагнозымен түсті. Яғни, ағзасы қатты жүдеген», - деді қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.