Алматыда коронавирустың жаңа штамы табылды ма: Мамандар жауап берді
Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова қалада коронавирустың жаңа штамдары табылған-табылмағанын айтты, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі.
Эпидемиологқа Алматыда коронавирустың жаңа түрлері тіркелді ме және коронавирустың жаңа штамдары мен коронавирустың жаңа толқыны туралы сұрады.   
 
"Бүгінгі күні Алматыда коронавирустың жаңа штамдары тіркелмеген. Коронавирустың жаңа штамдары пандемияның жаңа толқынын тудыру ықтималдығы өте төмен, өйткені вирустың негізі өзгермейді. Оған қоса, бүкіл әлемде жаппай вакцинация басталды", - деді Әсел Қалықова.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Әсел Қалықова Алматыда коронавирусқа қатысты жағдай шиеленіскен хабарлаған болатын.