Мәселе

Алматыда су түсінің өзгеруі тұрғындар үшін қауіпті ме

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

«Алматы су» мекемесі қаланың оңтүстік бөлігіндегі тұрғын алабтарда судың сарғаюына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Жер бетіндегі қайнар көздер – тау өзендерінің суын тұтынатын Алматының оңтүстігіндегі жекелеген тұрғын алабтарда суда уақытша пайда болған «сарғаю» - адамдар денсаулығына қандай да бір қауіп төндірмейді. Су түсінің өзгеруі суды тазарту станцияларында реагенттерді пайдаланудан болды. Арнайы коагулянттарды пайдалану – тау өзендерінен келетін судың мөлдірлік деңгейін тұрақтандыру үшін қажет. Бұл – бүкіләлемдік тәжірибе», - деп мәлім етті «Алматы судан».

 

Кәсіпорында атап өткендей, тазарту станцияларының жұмысы мұндай реагенттерді қолданбаса – тиімсіз болады. Онымен қоса, олардың адам денсаулығына еш зияны жоқ.

 

«Бұл ретте, таудағы қайнар көздерден су алуға уақытша шектеу қойылды. Тұтынушыларды сумен қамту жерасты скважиналар есебінен жүргізілді. Сағат 13-тегі жағдай бойынша, фильтрлер қосымша тазартылып, берілетін судың сапасы жақсарғаннан кейін басты тазарту құрылғыларының жұмысы қалпына келтірілді. Суды тазарту және залалсыздандыру бойынша қажетті барлық технологиялық процестер атқарылуда», - деп косты мекемеден.

 

Айта кетейік, Алматы тауларындағы өзен суы лайланып, мегаполистің бірқатар шағынауданында су беру шектелген болатын.

 




Көрілген: 825    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.05.2021, 03:03

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31