Мәселе

Алматыда тағы бір емхананың қызметкерлері вакцинация төлқұжаттарын сатқан

  • Алматыда тағы бір емхананың қызметкерлері вакцинация төлқұжаттарын сатқан

    Алматыда тағы бір емхананың қызметкерлері вакцинация төлқұжаттарын сатқан

Алматыда тағы бір емхананың қызметкерлері вакцинация төлқұжаттарын сатты деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мұндай ақпарат желі қолданушыларының арасында қызу талқыға түсті. Әлеуметтік желі қолданушылары хабарлағандай, № 4 қалалық емханада медицина қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері анықталды. Медициналық ұйым қызметкерлері жалған вакцина паспорттарын сатқан. Вакцинация паспорттарының құны 15 мың теңге тұрады деп болжануда.

 
"Медицина қызметкерлері мен көмекшілерінің, соның ішінде бас дәрігерлердің мұндай фактілері бұқаралық вакцинация процесін төмендетеді. Бұл қазірдің өзінде саяси мәселе. Вакциналарды сатып алуға бюджеттен көп қаржы бөлінеді.  Бұлай паспорт сатылатын болса, салық төлеушілердің ақшасы босқа кетеді.  Бұл Алматыдағы бірінші жағдай емес екенін ескере отырып, мұндай жағдайлардың ауқымы мен жиілігіне болжам жасауға болады", - дейді жазба авторы.

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті медицина қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері құқық қорғау органдарымен тексеріліп жатқанын хабарлады.

"Медицина қызметкерлерінің жалған вакцинация паспортын сату фактісі бойынша материалдар құқық қорғау органдарына берілді", - деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматыда 15 мың теңгеге делдал бірнеше клиника атынан вакцинация туралы электрондық паспорт сатып келген.




Көрілген: 878    Пікірлер: 0

сейсенбі, 11.05.2021, 18:42

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30