Мәселе

Алматыдағы Sulpak дүкені алдындағы ағаштарды кесу фактісі: Президент арнайы тапсырма берді

  • Алматыдағы Sulpak дүкені алдындағы ағаштарды кесу фактісі: Президент арнайы тапсырма берді

    Алматыдағы Sulpak дүкені алдындағы ағаштарды кесу фактісі: Президент арнайы тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевқа Sulpak дүкенінің маңында ағаштарды кесу фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Faceebook-тегі парақшасында жазды.

 
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы Төле би көшесіндегі ағаштардың оталғанына қатысты жағдайға назар аударды. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа аталған жағдайға байланысты қызметтік тексеру жүргізіп, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды тапсырды.

Мемлекет басшысы 2019 жылы 29 қазанда Алматыда қала проблемаларына арналған кеңесте сөйлеген сөзінде мегаполистің экожүйесіне ұқыпты қараудың, шаһар тұрғындарының жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету үшін тиісті жағдайлар жасаудың ерекше маңызды екенін мәлім еткен болатын.

Еске салсақ, желі қолданушылары Sulpak компаниясы көпжылдық 11 ағашты түбімен кесіп тастағанын айтып, наразылық білдірген. Алматылықтар ағаштарды кесіп тастағаны үшін Sulpak-қа байкот жариялауға шақырған еді. 

Кейін дүкен жанындағы ағаштарды кесіп тастағандардың кім екені белгілі болды.




Көрілген: 756    Пікірлер: 0

сейсенбі, 24.11.2020, 13:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31