Мәселе

Алматыдағы әл-Фараби даңғылының кейбір бөліктері жабылатын болды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

23 ақпан күні Әл-Фараби даңғылында Қысқы жүгіру шарасы өтеді. Осыған байланысты сағат 8.00-ден 11.30-ға дейін кейбір жолдарда автокөлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Назарбаев даңғылынан Батыс желтоқсан көшесіне дейін батыс бағытта Әл-Фараби даңғылымен өтетін қозғалыс 6.00-ден 8.00-ге дейін жабылады.

 

8.00-ге дейін Достық даңғылынан Назарбаев даңғылының астымен өтетін жерасты жолымен жүруге болады.

 

8.00-ден 11.30-ға дейін Әл-Фараби даңғылынан батыс бағыттағы қозғалыс (төменгі бөлік) Назарбаев даңғылынан Гагарин көшесіне дейін толығымен жабылады.

 

Автокөлік түрлерінің қозғалысы үшін Әл-Фараби даңғылының оңтүстік бөлігі ашық болады. Адамдар көшелерден жүгіріп өткеннен кейін олар ретімен ашыла береді.

 

«Нұрлы Тау» бизнес орталығы маңындағы мәре-сөре қалашығына Қозыбаев көшесі немесе Батыс Желтоқсан көшесі арқылы кіруге болады. Сонымен қатар Әл-Фараби даңғылымен шығыс бағытта жүретін автобустармен келу мүмкіндігі бар.

 

«Қала тұрғындары мен қонақтарын түсіністікпен қарап, 23 ақпан күні әл-Фараби даңғылымен жүретін жолын жоспарлап алуға шақырамыз», - дейді ұйымдастырушылар.

 




Көрілген: 188    Пікірлер: 0

сенбі, 22.02.2020, 11:41

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30