Мәселе

"Алматыжолзертханасы" басшысына 40 миллион теңге айыппұл салынды

  • "Алматыжолзертханасы" басшысына 40 миллион теңге айыппұл салынды

"Алматыжолзертханасы" РММ басшысы 2 миллион теңгеге пара алғаны үшін 40 миллион теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдеріне сілтеме жасап.


"Кенжеғұл Сахи 2018 жылдың желтоқсанынан бастап 2019 жылдың сәуіріне дейін "Казахдорстрой" ЖШС директоры З. Дощановтан жол құрылысына материалдарды арзанырақ етіп өзгертуге келіскені үшін жалпы сомасы 2 миллион теңге пара алды. Сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысты", - делінген хабарламада. Оған 12 маусымында Талдықорған қалалық сотының үкімімен 40 миллион теңге айыппұл салынды. Ал Дощановқа 30 миллион теңге. Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет атқару құқығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген күнінен бастап 1 жыл ішінде айыппұл төленуі тиіс. Шарт орындалмаған жағдайда жаза бас бостандығынан айыру түріне ауысады.

 




Көрілген: 295    Пікірлер: 0

сейсенбі, 18.06.2019, 12:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31