Мәселе

Америкалық отбасы асырап алған Айсұлудың неден көз жұмғаны айтылды

  • Америкалық отбасы асырап алған Айсұлудың неден көз жұмғаны айтылды

    Америкалық отбасы асырап алған Айсұлудың неден көз жұмғаны айтылды

Дэвин Айсұлу Тэкабари бір жігітке деген жауапсыз махаббаттан көп зардап шекті. Оның үстіне мектепте үлкен қысымға тап болған. АҚШ-та қайтыс болған 17 жастағы Дэвин Айсұлу Тэкабаридің асырап алған әкесі оның көз жұмуына не себеп болғанын айтты, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.


Бір жасар Айсұлуды америкалық ерлі-зайыпты 2002 жылы Қостанай қаласында асырап алған. Балалық шағында қыз көйлек киіп, сурет салып, домбыра сабағына қатысқан.


Тағы оқыңыз: Америкалық отбасы асырап алған Айсұлудың қалай Дэвинге айналғаны белгілі болды


Жасөспірім шағында Айсұлу өзінің трансгендер екенін мәлімдеп, Дэвин деген есімді иеленіп, ЛГБТК (лесбияндар, гейлер, бисексуалдар, трансгендерлер мен квирлер) белсендісі болған.


"Ұл болатынын айтты. Бірақ физикалық тұрғыда ол трансгендер емес еді. Біз қатты қайран қалдық. Бірақ қолдау білдірдік", - дейді асырап алған әкесі Уэйн Тэкабари.

Оның айтуынша, соңғы үш жылда Дэвин Айсұлудың мінезі қиындап кеткен.


"Тіпті клиникада жатып, эмоцияны басқаруды үйренді. Сонымен қатар, Дэвин бір жігітке деген жауапсыз махаббаттан көп зардап шекті. Оның үстіне жаңа, жоғары мектепте үлкен қысымға тап болды. Салдарынан өзіне қол салды. Бұл суицид", - деп хабарлады ол.


Дэвин Айсұлу Тэкабари 1 қыркүйекте Массачусетс штатының Уэст-Тисбери қаласындағы үйінде көз жұмды. 




Көрілген: 439    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.11.2019, 15:00

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Желтоқсан, 09:07
    2020 жыл. Нумеролог не дейді?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31