Мәселе

Әр отбасыға 10 миллион теңге: Жамбыл облысындағы жарылыста жапа шеккендерге қандай көмек көрсетілді?

  • Әр отбасыға 10 миллион теңге: Жамбыл облысындағы жарылыста жапа шеккендерге қандай көмек көрсетілді?

    Әр отбасыға 10 миллион теңге: Жамбыл облысындағы жарылыста жапа шеккендерге қандай көмек көрсетілді?

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин "Қазақпарат" агенттігіне берген сұхбатында Жамбыл облысындағы жарылыста жапа шеккендерге қандай көмек тағайындалғаны туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Ең алдымен, төтенше жағдай кезінде қаза тапқан жандардың жақындары мен туыстарына тағы да көңіл айтқым келеді. Қазіргі уақытта апат кезінде қаза тапқан 17 адам табылып, барлығы танылған. Он адам төтенше жағдай министрлігінің қызметкерлері болған. Олардың мәйітін туыстары мен жақындары танып, жер қойнына табыстады. Қорғаныс министрлігінің бір қызметкерін іздеу жұмыстары әлі жалғасуда", - деді Юрий Ильин сұхбат кезінде. 

 
Министр мемлекет басшысының қаулысы бойынша жарылыс кезінде қаза тапқандардың жоғарғы марапаттармен марапатталғанын айта кетті. Көз жұмған бір қызметкерге "Халық қаһарманы" атағы, офицерлер құрамына бірінші дәрежелі "Айбын" ордені, сержанттарға үшінші дәрежелі "Айбын" ордені табысталды. 

"Біздің қазіргі міндетіміз – олардың ең алдымен, жақындары мен туыстарын, отбасыларын қолдау. Жарылыс кезінде жарақат алғандарды сауықтыру мәселесі шешіліп жатыр. Бізде мұндай 50-ге жуық адам бар. Олардың екеуінің жағдайы ауыр және күрделі оталар мен ұзақ мерзімді емді қажет етеді. Сонымен қатар жеңіл жарақат пен зақым алған қызметкерлер де бар. Барлық зардап шеккендер бақылауда", – дейді ол. 

Төтенше жағдайлар министрі жарылыс кезінде зардап шеккендердің барлығына ведомстволық марапат табысталатыны туралы қаулыға қол қойғанын хабарлады. 

"Көбісін әлеуметтік қолдау жайлы сұрақ қызықтыратын шығар. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қызметтік борышын өтеу барысында төтенше жағдай кезінде қаза тапқандардың туыстары мен отбасы мүшелеріне 60 айлық көлемде ақшалай өтемақы төленеді. Бұл бес жылға бойғы оның қызметтік жалақысын, әскери шенін, қызмет еткен жылдарына қарай беріліп отыр. Мемлекет тарапынан әр отбасыға 10 миллион теңге көлемінде көмек көрсетілді. Ал жергілікті атқарушы органдар тарапынан 5 миллион теңгеден берілді. Министрліктің жалпы жиналысында шешім қабылдап, өзге де мемлекеттік органдарға ұсыныс білдіріп, қалаған адам өзінің бір күндік жалақысын аударды", - деді спикер. 

Сонымен қатар министр жиналған қаржының 5 миллион теңгесін қаза тапқандар отбасына беретінін, сондай-ақ ауыр жарақат алған екі адамға емін жалғастыру үшін 5 миллион теңгеден беру жайлы шешім қабылданғанын хабарлады. Қалғандарына жарақаттың ауырлығына қарай 300 мыңнан 900 мың теңгеге дейін өтемақы төленбек. 

"Жиналған қаржы шипажайлық-курорттық сауықтыру емін жүргізуге мүмкіндік береді. Біз мұны да төлеуге дайынбыз", - деп мәлімдеді министр. 

Stan.kz




Көрілген: 494    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.10.2021, 18:13

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31