Мәселе

"Арселор Митталстың кінәсі 100% дәлелденді": Министр Абай кенішіндегі жарылысқа не себеп болғанын мәлімдеді

  • "Арселор Митталстың кінәсі 100% дәлелденді": Министр Абай кенішіндегі жарылысқа не себеп болғанын мәлімдеді

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қарағанды облысының Алтай шахтасындағы төтенше оқиға бойынша құрылған Үкіметтік комиссия жұмысының қорытындысын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қарағанды облысынан онлайн брифингке шыққан министр Юрий Ильин Абай шахтасындағы төтенше оқиға бойынша құрылған Үкіметтік комиссия жұмысына Ресей мен Германиядан сарапшылар тартылғанын айтты.

 
"Апат кезінде қайтыс болған жұмысшылардың кінәлілік дәрежесін комиссия 0 пайыз деп бекітті. Яғни, шахтада қайтыс болған және зардап шеккен жұмысшылардың кінәсі дәлелденген жоқ. Жұмыс берушінің кінәсіне келсек, "Арселор Митталс" тарапының 100 пайыз деп танылды. Сарапшылардың қорытындысы бойынша метан газының бөлінуі және тау-кен массасының опырылуынан газдинамикалық құбылыс туындап, салдарынан апат болған", - деді ол.

Оның айтуынша, комиссия осы жазатайым оқиғаға қатысы жоқ қайшылықтарды анықтаған. Нақты айтсақ, жұмысшылар мен техникалық-инженерлік мамандар саны жеткіліксіз болған.

"Екінші себеп – жұмыс беруші шахта алаңдарындағы геологиялық қайшылықтарға толыққанды барлау жүргізбеген. Үшіншіден, жұмыс беруші технологиялық құрылғы жабдықтарын жаңартуды уақтылы жүргізбеген. Төртіншіден, жұмыс беруші жұмыс орындарындағы барлық тәуекелдерді барынша азайтатын жаңа технологиялар мен жабдықтарды тиісті көлемде енгізбеген", - деді Юрий Ильин.

Ведомство басшысы кәсіпорынның қауіпсіздік шараларына талайдан бері көз жұмып келгенін қадап айтты.

"Апаттың алдын алуы мүмкін шаралар осы кезеңде ғана емес, осыдан бұрын да атқарылуы керек болған. Бірақ орындалмаған. Белгілі бір мерзім аралығында осындай шара қабылданбауы да осы жағдайға түрткі болуы мүмкін", - деді министр онлайн брифингіде.

Оның айтуынша, Абай шахтасында сол күнгі ауысымда болған 64 адамның бәрі көз жұмуы мүмкін еді. 

“Ауысымдағы кешілерді кезекші диспетчер іс жүзінде құтқарғанын айтты. Ол метан құрамының көтерілгенін уақытында байқаған. Қысқа уақыт ішінде метан 40%-ға дейін өскен. Кішкене үлгермегенде жарылыс болатын еді. Бірақ диспетчер электр жабдықтарын сөндіріп, жедел сигнал берген”, – дейді ол. 

Естеріңізге сала кетейік, 7 қарашада Қарағанды ​​облысындағы "Абай" кенішінде алты адам қаза тауып, тағы екеуі жарақат алған болатын. Зардап шеккен кеншілер қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мемлекет басшысы қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Кеншілер отбасына жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды.




Көрілген: 703    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.11.2021, 19:46

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31