Мәселе

"Аруағын сыйлаңдар!": Журналист Сәуле Әбілдаханқызы өзін айыптағандарға жауап берді

  • https://stan.kz/

    https://stan.kz/

Журналист Сәуле Әбілдаханқызы өзін жазушы Аягүл Мантайдың өліміне кінәлағандарға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

“Сендер оны жақсы көретіндерің рас болса, аруағын сыйлаңдар! Тым болмаса, жамбасы жерге тигенін, құран оқытуға болатын сәтін күтіңдер! "Періште" десеңдер, оны періште күйінде жіберіңдер! Ал мен тірімін. "Мен адам қапқан құтырған көк ит болсам, сендер көп итсіңдер. Таларсыңдар да жерсіңдер!" Талап жеп үлгересіңдер. Қорықпаңдар. Мені талап жеп бағаларыңды да арттыруға уақыт мол. Сөз қуған сөзге жолығады, бәле қуған бәлеге жолығады. Бір сөзден он сөз туады, он сөзден жүз сөз туады. Алдымен менің ол туралы жазғанымды көрдіңдер ме? Менің посттарымның бәрі ашық. Қане, қай постымда мен оны өлімге жеткіздім?”, – деп жазады ол Facebook-тегі парақшасында.

 

Журналист жазбасында желі қолданушыларын марқұмның аруағын сыйлауға шақырды.

 

“Қырық күн шыдамасаңдар да, жеті күн шыдаңдар. Аруақты сыйласаңдар, оны күңірентпеңдер. Оның өліміне менен артық қайғырып отырған бірің жоқ, қалай болғанда да! Оған ең бірінші Нобельді де мен "бергенмін". Мен оны рухани сіңлім деп жақсы көрдім. Жаны жай тапсын. Жайына қалдырыңдар. Мені де жайыма қалдырыңдар. Уақыты келеді, сүрақтарыңа да, сотқа да жауап берем. Біреудің өліміне біреуді кінәлай салу оңай. Ал жанды беретін де, алатын да бір Құдай. Бәріміздің баратын жеріміз бір көр”, – деп қосты Сәуле Әбілдаханқызы.

 

Журналисті оның әріптесі Қайрат Шайхиев қолдады.

 

“Өлгеннің жаманы жоқ, тірінің өсектен аманы жоқ! Марқұммен тіршілікте дидарласып көрмегендер, жамбасы жерге тиместен, байыбына бармастан қазадан хайп жасап әлек болып жатыр! Бұл Сәуленің саяси орны бар, Сәулемен әліде санасады деген сөз! Ал білгіштер айтсын мықты болса, не болыпты екеуінің арасында? "Әттең, маған хабарласқанда басқаша болар еді”, – деп жазып қойыпты біреу! Не істейтін едің? Ажалға араша түсер ме едің?”, – деп жазды ол.

 

“Шын мәнінде не болғанын айтып, аруақты қозғамай-ақ қояйық. Ең болмаса, қырқы өтсін үндемей-ақ қояйық деп зорға ұстап отырмыз. Тас түскен жеріне ауыр! Сәулеге болмағанды болды, толмағанды толды деп жала жауып жатқанда да түнгі 3-ке дейін "Сәуле пожалуйста ұрыспай-ақ қояыңызшы" деп сабырға шақырып отырдық! Өмірден өткен баласын, анасына қарғау қандай екенін өздеріңіз де білесіздер! Болған жайт туралы жақ ашпай-ақ отырмыз. Марқұмның тірі кезінде, Сәулеге "ұрыспа, сабыр сақта, ол әлі жас!" деп сабыр сақтатып, ымыраға сүйреген біздей-ақ болсын! Сабыр сақтаған адам Сәуледей-ақ болсын. Қазадан хайп жасардың алдында арттарына бір қарап, жақсылап ойлансын адамдар!”, – дейді Қайрат Шайхиев.

 

Еске салсақ, бұған дейін жаузшы Аягүл Мантайдың көз жұмғаны айтылған еді. Оның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

 

 




Көрілген: 806    Пікірлер: 0

сенбі, 31.07.2021, 18:17

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қыркүйек, 00:18
    Қосшы қаласында шу шықты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30