Мәселе

Асқар Мамин Арыста қаза тапқан екі адамның туыстарына көңіл айтты

  • © Скрин видео bild/YouTube

    © Скрин видео bild/YouTube

Үкімет басшысы Асқар Мамин Арыста қаза тапқан екі адамның туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды   Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы кеше оқиға орнында болды. Осы төтенше жағдай бойынша нақты тапсырмалар берді. Барлық тиісті шара ұйымдастырылды. Арыс қаласының тұрғындары қауіпсіз жерге түгел көшірілді. Өкінішке қарай, екі адам – азаматтық тұлға және әскери қызметкер қаза тапты. Осы орайда олардың туған-туыстарына көңіл айтамыз", - деді Мамин үкіметтің бүгінгі отырысында.


Арыстағы жарылыс


24 маусым күні сағат 9.30 кезінде Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында өрт шығып, оқ-дәрілер жарылды. Әскери бөлімдегі жарылыстан кейін Түркістан облысында төтенше жағдай жарияланды.



Төтенше оқиғадан кейін қару, басқаларға қауіп тудыратын заттар мен нәрселерді сақтау ережесін бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер органдары жағдайды өз бақылауына алды.


 




Көрілген: 599    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.06.2019, 10:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31