Мәселе

Асқар Мамин Арыстағы жарылыстан кейін жөнделген үйде болды (видео)

  • © Photo : пресс-служба премьер-министра Республики Казахстан

    © Photo : пресс-служба премьер-министра Республики Казахстан

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Арыс қаласында зардап шеккен үйлерді, әлеуметтік нысандар мен инженерлік желілерді қалпына келтіру жұмыстарымен танысу үшін Түркістан облысына барды.


Үкімет басшысы өңірлік штабтар жұмысын тексеріп, "Көктем-1", "Көктем-2" ықшам аудандарындағы тұрғын үйлерді, мектеп, балабақша, темір жол вокзалы ғимараттарын, қалалық аурухананы қалпына келтіру барысын аралап көрді.


Асқар Мамин жұмыс сапары барысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев және Атырау өңірінің басшысы Нұрлан Ноғаевпен бірге Арыстағы жарылыстан кейін қалпына келтірілген үйде болды.



Сонымен қатар премьер Халыққа қызмет көрсету орталығына барды, деп хабарлады үкімет басшысының ресми сайты.


Түркістан облысының штабында Асқар Маминге Арыс қаласының тұрғындарына 100 мың теңгеден өтемақы төлеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндалды.



Нысандарды аралау қорытындысы бойынша премьер-министрдің төрағалығымен Арыс қаласын қалпына келтіру мәселелері жөнінде кеңес өтті.


Кеңесті қорытындылаған Асқар Мамин қаланы қалпына келтіру жұмыстарына еліміздің барлық өңірі, ұлттық компаниялар, ірі бизнес өкілдері белсенді қатысып жатқанын айтты.


"Арыс қаласын қалпына келтіру бойынша барлық негізгі жұмыс 1 тамызға дейін аяқталуы тиіс", - деді Асқар Мамин.


Арыстағы жарылыс


24 маусым күні сағат 10 кезінде Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында жойқын жарылыс болды. Қала тұрғындары Шымкент пен көршілес аудандарға шұғыл көшірілді.


Тағы оқыңыз: Арыстағы жарылысқа не себеп болды - прокуратура жауабы


Ресми деректерге сүйенсек, оқиға салдарынан үш адам қаза тапқан – екі әскери қызметкер мен бір жергілікті тұрғын.


Жарылыс болғаннан кейін төртінші күні тұрғындар Арыс қаласына қайтты.


Sputnik


 




Көрілген: 743    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.07.2019, 16:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31