Мәселе

Асқар Мамин экологиялық акцияға қатысты

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің үндеуіне Нұр-Сұлтан қаласынан 1200-ден астам тұрғын үн қосты. Арасында ҚР Үкімет басшысы Асқар Мамин де бар, деп хабарлайды ҚазАқпрат тілшісі.


#Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясына атсалысқан Премьер-Министр Қоянды су қоймасының жағалауын қоқыстан тазарту жұмыстарына қолғабыс жасады. Үкімет басшысы барлық облыс басшыларын министр Мағзұм Мырзағалиевтің бастамасын жалғастыруға шақырды.


«Мен бұл акция бүкіл Қазақстан бойынша жалғасатынына сенімдімін. Бұл жобаны Қазақстан аймақтарында дамытуға шақырамын. Акция жалпыхалықтық сипат алып, елдегі экологиялық жағдайдың жақсаруына жол ашады деп сенемін», - деді Асқар Мамин.



Өз кезегінде Мағзұм Мырзағалиев қоршаған ортаны таза ұстау - әркімнің міндеті екенін еске салды. «Күннің ыстықтығына қарамастан, үндеуге үн қосқан әрбір адамға алғыс айтамын», - деді ол.


Елорда тұрғындарының жиі келетін демалыс орнын ретке келтіруге Премьер-Министрден басқа Үкімет мүшелері, қоғам қайраткерлері, экологтар, еріктілер атсалысты. Олардың ішінде вице-премьер Жеңіс Қасымбек, Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр, әділет министрі Марат Бекетаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев және басқалар бар.




Айта кетерлігі, қоқыс тастамауға шақыратын тақтайшаларға қарамастан, су қоймасының жағалауы тұрмыстық және тамақ қалдықтарға толы болды. Акцияға қатысушылар 26 шақырымға созылып жатқан жағалау аумағында 10 тоннадан астам қоқыс жинады.





Аумақта қоқысты бөлек жинау үшін арнайы ыдыстар, қайта өңдеу кешеніне арналған машиналар орнатылды. Тазалық жұмысына ең белсенді қатысқандарға сертификаттар мен символдық жүлделер табыс етілді.





 




Көрілген: 456    Пікірлер: 0

сенбі, 20.07.2019, 15:05

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Желтоқсан, 09:07
    2020 жыл. Нумеролог не дейді?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31