Мәселе

Әскери қақтығыс салдарынан Қазақстанда құстың 150 түрі жойылып кетуі мүмкін

  • Әскери қақтығыс салдарынан Қазақстанда құстың 150 түрі жойылып кетуі мүмкін

    Әскери қақтығыс салдарынан Қазақстанда құстың 150 түрі жойылып кетуі мүмкін

Таяу Шығыстағы әскери қақтығыс салдарынан Қазақстанда жыл құстарының 150 түрі жойылып кетуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Аstana.tv-ға сілтеме жасап.

Жыл құстары Сирия арқылы ұшады. Зерттеушілер әскери қақтығыс кезінде олардың қырылатынын хабарлады. Сондықтан Қазақстанда бұрын құстардың көп түрі кездессе, қазір торғайдың өзі сирек кездеседі.

"Бозторғай жоқ болып кетті, тіпті дауысын да естімейсіз. Тек Жидебай ауданында, Зайсан қазаншұңқырының өзінде бозторғайдың 11 түрі болатын. Қазір ол жақ тып-тыныш", - деді орнитолог ғалым Борис Щербаков.
 
Құстарға мейрамхана бизнесі де қауіп төндіріп тұр. Еуропалық дәмханалардың ас мәзіріне жаңа тағам - дичь қосылған. Шетелдік гурмандар шымшық пен бұлбұлдан жиіркенбейді. Сондықтан мейрамхана иелері жыл құстарын аулауға дайын тұрады.

"Көптеген түрін ұстайды. Майамиде мейрамханалар мен асханалар үшін 20 миллион ұсақ құс ауланған. Осыдан шамамен 5 күн бұрын Еуропа арқылы бұлбұл, торғайлардың бәрі мейрамханаларға "бара жатқанын" көрсетті, аулайды. 200-500 құс ұшып бара жатса, Африкаға бар болғаны 20-30 құс жетеді", - деді Щербаков.




Көрілген: 1469    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.01.2021, 10:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31