Мәселе

Астанада 14 жасқа дейінгі балалар арасында коронавирус өршіп тұр

  • Астанада 14 жасқа дейінгі балалар арасында коронавирус өршіп тұр

    Астанада 14 жасқа дейінгі балалар арасында коронавирус өршіп тұр

Науқастар арасында 14 жасқа дейінгі балалар арасындағы жағдайдың үш есе өскені байқалады.

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова мәлім еткендей, Астанадағы CОVІD-19 ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып отыр, қала эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша бір айдан астам уақыт «қызыл аймақта» тұр, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

«Күніне 350-ден 650-ге дейін жағдай тіркеледі. Соңғы аптада сырқаттанушылық көрсеткіші алдыңғы аптадан 9,7%-ға жоғары, 100 мың тұрғынға шаққандағы қарқынды көрсеткіш 320,43 құрады. Репродуктивті саны — 1,021. Жыл басынан бері қаламызда науқастар саны 22 мыңнан асты, ал пандемия басталғаннан бері 41 214 жағдай тіркелді: 26 888 — симптоматикалық және 14 326 — асимптоматикалық. Тәулігіне 574 алғашқы жағдай тіркелді (406 симптоматикалық жағдай, 168 симптомсыз жағдай)», - деп түсіндірді елорда санитарлық дәрігері.

Жас құрылымы бойынша науқастардың ең жоғары деңгейі ересектер арасында тіркеледі, олар КВИ-мен ауырғандардың 79,9%-ын құрайды, балалар 17,3%-ды, жасөспірімдер 2,8%-ды құрайды. Сәуір айында наурыз айымен салыстырғанда егде жастағы адамдар арасында коронавирус жұқтыру жағдайларының 2,2%-ға өскені байқалады.

«Науқастар арасында 14 жасқа дейінгі балалар арасындағы жағдайдың үш есе өскені байқалады. Қаңтарда – 571, ақпанда – 479, наурызда – 1106, сәуірде – 1790. Айтарлығы, инфекция жұқтыру балалардың барлық жас топтарында байқалады. Бұл ретте сәуір айында жалпы сырқаттанушылық көрсеткіші бойынша балалар үлесі 0,8%-ға азайды. Бұл әсіресе 7-10 жас аралығындағы (5,1%-дан 4,3%-ға дейін төмендеді), 11-14 жастағы (4,5%-дан 4,3%-ға дейін төмендеді) мектеп оқушыларына қатысты қабылданған шектеу іс-шараларының тиімділігін көрсетеді», - деп атап өтті Сархат Бейсенова.




Көрілген: 706    Пікірлер: 0

жұма, 23.04.2021, 12:21

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31