Мәселе

Астаналық полицейлер қайтыс болған қазақстандықтар туралы мәліметті сатқан

  • CC0 / pixabay.com

    CC0 / pixabay.com

Жемқорлыққа қарсы қызмет бірқатар полицей және жерлеумен айналысатын агенттіктердің заңсыз байланыс орнатқанын анықтады.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің жетекшісі Анар Жарованың айтуынша, полицейлер қайтыс болған қазақстандықтардың мәліметін жерлеумен айналысатын компанияларға сатқан.


Полицейлерден ақпарат алған соң, агенттік қызметкерлері қайтыс болғандадың туыстарына хабарласқан.


"Олар жұрттың қайғысына қарамай, өздерінің қызметін ұсынған. Бірден бұл агенттіктер қайғыға душар болған отбасы туралы ақпаратты қайдан алды деген сауал туындайды", -деді брифинг барысында Анар Жарова.


Астаналық жемқорлыққа қарсы қызмет тексеру жұмысын бастады. Қорытындысы бойынша "Алматы" және "Сарыарқа" аудандарындағы кезекші бөлімнің тоғыз қызметкері жұмыстан шығарылды.


Полицейлердің дені полиция майоры лауазымында болған.


Түсіндіру жұмысын дұрыс жүргізбеген басшылар тәртіптік жауапқа тартылды.


Анар Жарова мұндай жағдай тек астанада ғана емес, өзге өңірлерде де кездесетінін атап өтті. Жемқорлыққа қарсы қызметке 1424 нөмірі арқылы хабарласуға болатынын айтты.


 sputnik




Көрілген: 946    Пікірлер: 0

жұма, 23.08.2019, 16:48

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30