Мәселе

Ата-аналар балабақшаға миллиондаған қарыз екендігі туралы хабарлама алған (видео)

  • https://www.ktk.kz/

    https://www.ktk.kz/

Қарыз қайдан шықты? Алматыда «Алтын балапан» жекеменшік балабақшаның ата-аналары наразылық білдірді. Оларға сот орындаушыдан «мектепке дейінгі мекемеге қарызыңыз бар» деген хабарлама келіпті. Берекшектің көлемі әр түрлі: 500 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін.

 

Бірақ ата-аналар бөбекжай ақысын ай сайын уақтылы директордың қолына санап бердік деп шыр-пыр болып отыр.

 

Ал балабақшаның бұрығы басшысының айтар өз уәжі бар.

 

Тараптарды КТК тілшісі тыңдап қайтты.

 

Алматыдағы «Алтын балапан» жекеменшік балабақшасының есігіне қара құлып салынғанына жылға жуықтады. Бөбекжайға кезінде ұл-қыздарын берген ата-аналар апта басында «балабақшаға берешексіңдер» деген хабарлама алып аң-таң болған. Мектепке дейінгі мекеменің ақысын ай сайын төледік деп шыр-пыр болған ата-аналар қарыздың қайдан шыққанын түсіне алмай әлек.

 

Гүлзат Зәмзинова:

 

— 14-қыркүйек күні маған хат келеді. Ол жерде менің қарызым 1 млн 363 мың теңге. Қайдан келген қарыз? Өйткені бұл жекеменшік балабақша. Ол төлемсіз қабылдамайды. Оның барлығы келісімшартта көрсетілген. Төлемді мен өзім балабаққша директоры мен тәрбиешіге беріп отырдым. Мүмкін емес жағдай. Ешқандай негіз жоқ.

 

Шағымданушылар сот орындаушыдан келген құжат бойынша қарызымыз 500 мың теңгеден 1 миллион теңгеден асып жығылады деп отыр. Әркімдікі әр түрлі. Дегенмен наразы топ балабақша ақысын директордың қолына уақтылы ұстатып отырғанын жеткізді.

 

Гүлшат Айтбаева:

 

— Өзіміздің қарыз болса мен төлеуге қарсы емеспін. Бірақ мен төрт күнге 55 мың төлеп, оның 15 мыңын кері алып мен қарызбын деп айта алмаймын. 600 мыңды ол қайдан алып тұр? Менің талап ететінім: біздің шоттарға тиіспеу керек. Бәріміздің жанұя, бала-шағамыз бар. Барлық шешімді кері қайтару керек. Бұның барлығы негізсіз.

 

Өткен жылдың жазында «Алтын балапан» серіктестігінің құрылтайшысы қайтыс болып, балабақша басшылығына басқа адамдар келген. Жаңа директор бұрынғысы бірқатар заңбұзушылықтарға барды деп құзырлы органдарға шағымданған.

 

Ал бөбекжайдың экс-директоры ата-аналардан ақша алғанын жасырмайды. Бірақ бұл түйткілдің ушығуына мұрагерлік талас тікелей себеп дейді Әсел Амандосова.

 

Әсел Амандосова, «Алтын балапан» балабақшасының бұрынғы директоры:

 

— 2020 жылдың 16-шілдесінде осы серіктестіктің құрылтайшысы Баймұханова Мадина коронавирустан көз жұмады. Ол менің енем. Сосын мұрагер ретінде оның екі қызы мен менің 14 жастағы ұлым қалады. Осы жерде мұрагерлікке талас басталады. Біз келісімге келе алмаймыз. Содан кейін олар мені қорқытып үстімнен арыз түсіреді. Ата-аналардың еш кінәсі жоқ. Олар төлемді уақтылы беріп отырған. Бұл жерде олар мұрагерлік таластың құрбаны болды.

 

«Алтын балапан» серіктестігінің өкілдері төлемді растайтын түбіртекті талап етпеген ата-аналардың өздері кінәлі деп отыр. Өйткені балалардың күн сайын балабақшаға келген тізімі бар. Бірақ серіктестіктің шотына бір тиын да түспеген дейді олар.

 

Нұртас Молдабеков, «Алтын балапан» ЖШС ресми өкілі:

 

— Біз аудит жүргіздік. Сол кезде бірқатар факті анықталды. Балабақшада кассалық аппарат мүлдем болмаған. Директор ата-аналармен келісімшартқа отырған. Бірақ заңды тұлғаның шотына ақша түспеген. Біз өз кезегімізде қызметімізді көрсеттік. Енді төлемді талап етуге құқылымыз. Ата-аналар әу баста қолма-қол емес, балабақшаның банктік шотына төлеу керек еді. Сеніп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу бабымен қазір қылмыстық іс қозғалған.

 

Тергеуде бұл даудың жай-жапсары анықталып жатыр. Әйтсе де директорлардың өзара тартысының құрбаны болған ата-аналар балабақшаға қайта төлем жасауға үзілді-кесілді қарсы. Сондықтан олар бірауыздан сотқа жүгінуге бекінген.

 

КТК

 

 

 




Көрілген: 457    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 20.09.2021, 23:56

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31