Мәселе

Атырау облысында полицейлер ішінде науқасы бар жедел жәрдем көлігін тоқтатқан

  • Коллаж: NUR.KZ

    Коллаж: NUR.KZ

Желіде полицейлердің ішінде науқасы бар жедел жәрдем көлігін тоқтатқан видеосы тарап кетті. Бейнежазба бірден ел арасында қызу талқыға түсті. Желі қолданушылар бұған қатысты өз ойымен бөлісіп, оқиғаның Атырау облысында болғанын жазған деп хабарлайды NUR.KZ.


Ғаламтор кеңістігіне жүктелген видеода тәртіп сақшыларының жол бойында жедел жәрдем көлігін тоқтатып алғаны көрініс тапты. Оқиға медицина қызметкерлері науқасты ауруханаға апара жатқан кезінде орын алса керек.


Әлеуметтік желілерде қызу талқыланған бейнежазбаға қатысты Ішкі істер министрлігі Tengrinews-ке пікір білдіріп, оқиғаның 22-ші желтоқсан күні Атырау облысында болғанын растады.


"Қазіргі таңда оқиғаға қатысты қызметтік тексеріс жұмыстары жүргізілуде. Азаматтарды алдын ала шешім қабылдап, жарты минуттық видео негізінде полицейлерді сынға алмауға шақырмын. Тексерістің нәтижесін күтіңіздер" , - деді ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев.


Оның айтуынша, егерде жедел жәрдем арнайы сигналдары қосылмай, жол ережесін бұзып жатса, тәртіп сақшылары оны тоқтатуға міндетті.


"Бұл шара салон ішіндегі адамдардың қауіпсіздігі үшін жасалады. Кей кездері жағдай ушығып жатқанда, науқасты дереу ауруханаға жеткізу амалдары іске асырылады. Тек содан кейін ғана, құжаттар мәселесіне тоқталады" , - деді ол.


 




Көрілген: 1145    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.12.2018, 11:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30