Мәселе

Атырауда баланы қинаған балабақша тәрбиешісі 4 жылға сотталды

  • https://azh.kz/

    https://azh.kz/

Атырау қаласының №2 соты сөйлеу қабілеті нашар балаларға арналған №20 «Алтын балық» мамандандырылған балабақшасының тәрбиешісіне үкім шығарды. Ол қорлау, яғни баланы ұдайы ұрып-соғу арқылы тән зардабына немесе психикалық зардап шегуге ұшыратқаны үшін кінәлі деп танылды.

 

«Звездочка» жоғарғы тобының тәрбиешісі ҚР ҚК-нің 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (Кәмелетке толмаған адамға азаптауды қолдану) бойынша айып тағылды.

 

Сот отырысы кезінде сотталушы Мәрия ІЗМАҒАМБЕТОВА өз кінәсін ішінара мойындады. Прокурор мен жәбірленуші тарап оны нақты бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады (жәбірленуші оны кешірген жоқ). 110-баптың 2-бөлігінде 4 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе айыру түріндегі жаза қарастырылған. Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес, жеңілдететін мән-жайлар болған кезде жаза төрт жыл сегіз айдан аспауы керек. Сотталушының жасы әлі кішкентай балалары барын сот  жеңілдететін мән-жай ретінде таныды.

 

«Сот үкім шығарған кезде балаға қарсы жасалған қылмыстың шектен шыққан арсыздық екенін ескерді», - деп атап өтті сотта.

 

Судья Эльмира ОЙКУЛОВА тәрбиешіні кінәлі деп тауып, 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде (жалпы режимдегі колонияда) өтеуге үкім шығарды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ  және шағым жасалуы мүмкін.

 

Сот ісі биылғы жылдың басында басталды. Басты дәлел ретінде балабақшаның бақылау камераларына жазылған бейнежазба ұсынылды - кейбір кадрларда тәрбиешінің баланы құлағынан қалай ұстап, шынтағымен итергенін көруге болады, бала еденде жатып жылағанда, әйел мән бермей оны тыныштандыруға тырыспайды.

 

Айта кету керек, бұл Атырау облысында баланы азаптағаны үшін тәрбиеші нақты жазаланған алғашқы үкім. 

 

 

 

azh.kz




Көрілген: 903    Пікірлер: 0

жұма, 09.04.2021, 19:00

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31