Мәселе

Атырауда баланы мектепке парамен орналастыру дерегі тексеріліп жатыр

  • https://regnum.ru/

    https://regnum.ru/

Әлеуметтік желіде екі әйел адамның баланы №17 мектепке орналастыру жайында хат алмасқан жазбасының скриншоты пайда болған еді деп хабарлайды aikyn.kz.


Жазбада әйел адам директор болса да, бұл іске ықпал ете алмайтынын, мәселені қалалық білім бөлімі шешетінін айтқан.

 

«…Мен білім бөлімі жетекшілерімен сөйлесе аламын, бірақ оған рақмет айту керек. Мөлшері 150 000». (Соңында осылай жазылған).

 

Жазбада баланы №17 мектепке орналастыру үшін пара беру туралы айтылып жатқанын аңғару қиын емес.

 

Көп ұзамай жұртшылықты алаңдатқан осы посттың астына Атырау қаласы әкімінің орынбасары Самат Емберген пікір қалдырды. Әкім орынбасары осы мәселеге байланысты тиісті органдар шара қолданатынын жеткізді.

 

Atpress.kz-тің жазуынша, оқиға расталса, жауаптыларға заң талабына сәйкес қатаң шара қолданылатын болады.

 

Ал егер жалған болса, ақпаратты таратқан азаматтарды заң бойынша 20 АЕК көлеміндегі айыппұлдан бастап 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

 

Сондықтан әкімдік жауапты органдар барлығын анықтағанша сабыр сақтауға шақырды.


 




Көрілген: 416    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 31.08.2020, 10:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31