Мәселе

Аягөздегі интернатта тағы дау шықты

  • © 1tv.kz

    © 1tv.kz

Аягөз балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тағы жанжал шықты. Бейнебақылау камерасына тәрбиешінің 15 жасар жасөспірімді ұрып-соққан сәті түсіп қалған.

 

Бұл туралы баланың қамқоршысы саналатын мекеме директоры Шолпан Мақашева мәлімдеді. Ол орталық тәрбиешілері тарапынан қатыгездік фактісі бойынша құқық қорғау органдарына жүгінген.

 

"Дәрігер-психиатрдың қырағылығы мен бейнебақылау камераларының арқасында болған оқиғаға жедел мониторинг жүргізілді. Қатыгездік көрсету бойынша бірден құқық қорғау органдарына, прокуратураға, аудандық әкімдікке хабарланды. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына баяндалды. Видеокамералардағы жазбалар құқық қорғау органдарына берілді", - дейді балалар үйінің директоры Мақашева.

 

Мұны Шығыс Қазақстан облысының ақпарат орталығы жариялады.

 

Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігі бойынша (кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) қылмыстық іс қозғалды. Дене жарақатын салу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полиция баланың бет пен мойын аумағында жарақат бар екенін анықтады.

 

Заңға сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің жай-жапсары жарияланбады.

 

"Қазіргі уақытта бұлтартпау шарасы мәселесі шешілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындау жоспарланған", - деп хабарлады аудан әкімдігі.

 

Айта кетейік, іс облыс прокурорының ерекше бақылауына алынды. Оқиға орнына Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әлішер Мархабат барды.

 

Интернаттағы балалар өлімі

 

2020 жылдың көктемінде Аягөз балалар арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында, психоневрологиялық ауытқулары бар балаларға арналған интернатта болған жағдай қоғамдық резонанс тудырды. Осы орталықтан оннан астам бала "қызылша" диагнозымен жұқпалы аурулар ауруханасына түсті. Бірнеше балада ішек инфекциясы анықталды. Төрт бала қайтыс болды.

 

2020 жылдың желтоқсанында төрт тәрбиеленушінің қазасына қатысы бар деген үш дәрігер шартты мерзімге сотталды. Сотталушылар өз кінәсін мойындады.

 

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 514    Пікірлер: 0

сейсенбі, 11.05.2021, 11:27

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30