Мәселе

"Аянышты көрініс": экс-судья қазақстандықтардың жаға ұстатарлық оқиғаларымен бөлісті

  • "Аянышты көрініс": экс-судья қазақстандықтардың жаға ұстатарлық оқиғаларымен бөлісті

Жасұлан Нұрмахамбетов – заңгер, Павлодарда екі жыл судья қызметін атқарған. Негізінен отбасылық істерді қараған. Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында ол қазақстандықтардың сотқа қандай арыз-шағыммен жүгінетінін айтты.


"Теледидар маған, тоңазытқыш саған"

Бұрынғы судьяның айуынша, ажырасқан ерлі-зайыптылар мүлік бөлісу туралы талап-арызбен көп жүгінеді. Кейбірі, тіпті, шанышқы-қасық үшін де қырқысатын көрінеді.


"Бір шаңырақ астында қайғы мен қуанышты бөліскен ерлі-зайыптылардың осындай әрекетін көргенде, ойға қаласың. Күлкілі емес, аянышты көрініс. Сонша жыл бірге тұрып, ажырасқаннан кейін бір-бірін жек көріп кететініне таңғаласың. Қатты аяймын. "Теледидар маған, тоңазытқыш саған" деп саудаласып тұрады", - дейді Нұрмахамбетов.


Кейбірі пәтерді бөліскен кезде, сатып, ақшасын бөліп алады. Немесе баспананы бағалап, бірі бала-шағамен сол үйде қалады, ал екіншісі ақшаны алады.


"Пәтердің бөлмелерін бөліп алып, ажырасқаннан кейін де бірге тұратындар бар. Бірақ, асхана, дәретханасы ортақ болғаннан кейін, артынан шу шығып, тағы соттасып жатады", - дейді әңгімесін жалғастырған заңгер.


Айтуынша, әр сот кемінде алты айға созылады.


"Мүгедек әкесінен бас тартты"

"Бірде сотқа жетпістегі мүгедек әке жүгінді. Дәрі алуға ақшасы жоқ. Балаларынан алимент өндіре алмаған. Балалары "әпермейміз" деп ат-тонын ала қашты. Міне, осындай да оқиға болған", - дейді ол.


Әкесі қызын неге сотқа берді

Нұрмахамбетов ең алғаш сотқа жұмысқа кірген кезде, өзі қатысқан процесті еске алды. Бұл әке мен қыздың соты екен.


"Әкесі қызын сотқа беріп жатыр екен. Оған себеп мынау: ер адам бұрын үкіметтен сатып алған үйін сатып, ақшаны қызына береді. Қызы оған басқа пәтер сатып алады. Алайда кейін туған әкесін үйіне кіргізбей, далаға қаңғыртып жіберген. Қандай қатігездік. Бұл істі өзім қарамағандықтан, немен аяқталғаны есімде қалмапты", - дейді бұрынғы судья.


"Қарттар үйіне тапсырып жіберді"

Заңгер тағы бір жаға ұстатарлық оқиғамен бөлісті.


"Бір ер адамның әйелі ауырып қайтыс болған. Әлгі кісі жалғыз баласын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген. Барлық жиған-терген дүниесін ұлының оқуына жұмсайды. Әлемдегі беделді оқу орнына – Гарвардқа жібереді. Баласы шетелдегі оқуын тәмамдап, елге келіп, жақсы жұмысқа орналасады. Кейін үйленіп, балалы-шағалы болған. Бірақ әкесін қарттар үйіне тапсырып жіберген. Сонда әкесінің айтқаны ғой: "Мен балама бәрін беріппін, тек бір-ақ нәрсені ұмытып кетіппін. Дұрыс тәрбие бермеппін", - деп әңгімеледі Нұрмахамбетов.




Көрілген: 1113    Пікірлер: 0

жексенбі, 18.08.2019, 23:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30