Мәселе

Аз қамтылған отбасылардың кірісін санау кезінде жәрдемақының 4 түрі есептелмейді

  • Baribar.kz

    Baribar.kz

Аз қамтылған отбасылардың кірісін санау кезінде жәрдемақының 4 түрі есептелмейтін болады. Бұл туралы Президент тапсырма берген. Мәжілістің пленарлық отырысында мұны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Светалана Жақыпова айтты.


Светалана ЖАҚЫПОВА, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


- Президенттің тапсырмасымен осы мәселе қаралып жатыр. Жәрдемақының 4 түрі есептелмеуі мүмкін. Ол - көпбалалы отбасыларға, «Алтын» және «Күміс алқа» иегерлеріне берілетін мемлекеттік жәрдемақы және мүгедек балаға қарастырылған төлем. Және шәркіртақы да кіріске жатпайтын болады.


Сәуірден бастап 832 мың көпбалалы және аз қамтылған азаматтарға берілетін жәрдемақы үшін биыл бюджеттен 94 млрд теңге қарастырылған. Төлемді күнкөрісі қиын отбасылар алады.


Вице-министр азаматтар мемлекеттік жәрдемақыға иек артып, масылдыққа жол бермейді деп санайды. Дегенмен, олай болса, жұмысқа қабілетті азаматтың отбасы атаулы әлеуметтік көмек ала алмайды. Олар ұсынылған жұмыстан бірінші рет бас тартса, төлемнің 50 пайызынан, ал екінші рет жәрдемақыдан мүлде қағылады.


Бірақ, әр балаға берілетін жәрдемақы төлене береді.


Светалана ЖАҚЫПОВА, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


- Егер жалғызбасты ана 4 бала өзі бағып отырса, балалары 20 789 теңгеден алады. Өзі балаға күтім жасап отыр ғой, ол анаға да 20 789 теңге төленеді. Жалғызбасты ана бір баламен отырса, екеуіне де 20 789 теңгеден төленеді.


 




Көрілген: 398    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.03.2019, 09:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31