Мәселе

«Бақытты отбасы» бағдарламасын іске асыруға қосымша 20 млрд теңге бөлінді

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

«Бақытты отбасы» бағдарламасын іске асыруға қосымша 20 миллиард теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

«Отбасы Банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АҚ «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтінімдер лимитін 5000-нан 7500-ға дейін арттырды. Бағдарламаның әлеуметтік маңызы жоғары екенін ескере отырып, осы мақсаттарға мемлекеттік бюджеттен қосымша 20 млрд теңге бөлінетін болды.

 

12 сәуірден бастап 26 мамырға дейінгі аралықта банк сайтында «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылданды. Барлығы - 37 592 өтінім.

 

Бүгін банк сайтында 16:00 нәтиже шықты. Оны ЖСН немесе өтінім нөмірі бойынша тексеруге болады.

 

Өтініштерді бөлу кезінде Сенат жанындағы мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының, сондай-ақ «Нұр-Отан» партиясы жанындағы халықты жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің ұсыныстары ескеріліп, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға және көпбалалы отбасыларға басымдық беріледі.

 

Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың негізгі әлеуметтік мәселелерінің бірі – тұрғын үй және тұрмыстық мәселелер. Бұл отбасылар аталмыш мәселелерді өз күшімен еңсере алмағандықтан, олар әлеуметтік көмек пен қолдауға мұқтаж.

 

Сонымен қатар, мұндай отбасында экономикалық мәселелер жиі кездеседі.

 

Мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасыларда материалдық қамсыздандыру деңгейі басқа отбасыларға қарағанда төмен.

Бұл бірқатар себептерге байланысты:

жұмыстан мәжбүрлі түрде кету;

қысқартылған жұмыс күнін рәсімдеу;

жалақы жоғалтумен байланысты жұмысты мәжбүрлі түрде өзгерту;

баланы емдеу және сауықтыру үшін ақысыз еңбек демалысын рәсімдеу;

дәрі-дәрмектің тапшылығы;

қосалқы техникалық құралдар мен арнайы құралдарды сатып алу, медициналық кеңесшілерге ақы төлеу және т.б. шығындар.

 

Бағдарлама шеңберінде қабылданған өтінімдерді бөлу мына тәртіппен жүргізіледі:

 

1) «Мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиелеп отырған отбасылар» санаты бойынша Банк сайтында берілген өтінімдер санының 100% мөлшерінде (4117 өтінім).

 

2) «Көп балалы отбасылар» (оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Ана даңқы» I және II дәрежелі наградалары бар немесе «Батыр ана» атағы бар көп балалы аналар) (2682 өтінім).

 

3) «Толық емес отбасы» (700 өтінім). Негізгі тізімге енбеген үміткерлер резерв тізімге негізгі тізім жасалатын тәртіпке ұқсас тәртіппен енгізіледі.

 

Үміткерлер болмаған жағдайда, қатысу өтінімінің күші жойылған жағдайда, несиелендіруге қаражат болған жағдайда (соның ішінде босатылған / қайтарылатын) қаражаттың болуы, негізгі тізімдегі үміткерлердің несиелік өтінімі мақұлдаудан өтпеген жағдайда, бұл орынға резерв тізімдегі үміткерлер шақырылады:

«Көпбалалы отбасылар» (оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Ана даңқы» I және II дәрежелі наградалары бар немесе «Батыр ана» атағы бар көпбалалы аналар), негізгі тізімдегі үміткерлердің дәрежесі аяқталғаннан кейін.

«Толық емес отбасылар» негізгі тізімдегі дәл осы «Толық емес отбасы» санатындағы үміткерлердің дәрежесі аяқталғаннан кейін.

 




Көрілген: 525    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.06.2021, 17:54

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31