Мәселе

Бала күтіміне байланысты қандай жәрдемақылар беріледі

  • Бала күтіміне байланысты қандай жәрдемақылар беріледі

    Бала күтіміне байланысты қандай жәрдемақылар беріледі

 Жәрдемақы әлеуметтік төлемдерден қаржыландыру көздеріне байланысты ерекшеленеді. Біріншісі – бюджеттен, екіншісі мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленеді. 2019 жылы айлық есептік көрсеткіш (2525 теңге) пен жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есептеуге қолданылатын ең төменгі күнкөріс деңгейінің (29 698 теңге) көлемі өсті.


Баланың тууына байланысты берілетін бір реттік төлем


Жәрдемақы бала туғаны үшін бір рет беріледі. Бірінші, екінші және үшінші балаға – 95 950 теңге, төртінші және одан көп балаға –159 075 теңге. Егіз, үшем, төртем туылған жағдайда төлем әр балаға төленеді.


Бір жасқа толғанға дейін бала күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы


Жәрдемақы бала бір жасқа толғанша ай сайын төленеді. Ол республикалық бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленеді. Жүктілік демалысына шыққанға дейін жұмыс істемеген әйелдердің бәріне жәрдемақы бюджеттен төленеді. Оның көлемі отбасындағы бала санына байланысты:


бірінші балаға –14 500 теңге;


екінші балаға – 17 196 теңге;


үшінші балаға – 19 823 теңге;


төртінші балаға – 20 500 теңге.


Жұмыс берушісі мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына ақша аударған жұмыс істейтін аналар екі түрлі төлем алуға құқылы. Бір жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша берілетін жәрдемақы соңғы екі жылда тапқан орташа айлық табысының 40%-ы көлемінде беріледі. Жүктілік және бала тууына байланысты соңғы 12 айдағы орташа айлық табысына байланысты төлемдер тағайындалады.


Биыл көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы


Көп балалы аналарға арнайы мемлекеттік жәрдемақы (әйел зейнетке шыққаннан кейін де) өмір бойына төленеді. Биыл оның көлемі 16160 теңгені құрады. Оны «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алған көп балалы аналар, «Батыр ана» атағын алғандар, І және ІІ деңгейлі ордендермен марапатталғандар мен І, ІІ дәрежелі "Ана даңқы" орденімен марапатталғандар алады. Баласын 8 жасқа дейін тәрбиелеген көп балалы аналар 53 жасында зейнетке шыға алады. Алайда, олардың жұмыс істеу және кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқы сақталады.


Мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасыларға төленетін жәрдемақы


16 жасқа толмаған мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеуші отбасылар ай сайын 41 578 теңге жәрдемақы алады. 16 жасқа және кәмелет жасқа толғаннан кейін төлем көлемі мүгедектік тобына байланысты өзгереді: I топ – 57 021 теңге; II топ – 47 220 теңге; III топ – 35 638 теңге. Мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған қазақстандықтар асырауындағы бала 18 жасқа толғанша жәрдемақы алады. 2019 жылы оның көлемі – 31 183 теңге. 2018 жылдың шілде айынан бастап бала кезінен І топтағы мүгедектігі бар 18 жастан асқан адамдарды асыраушыларға жаңа жәрдемақы тағайындалды. 2019 жылы оның көлемі 31 183 теңгені құрайды.


Мүгедектікке байланысты төленетін жәрдемақылар


2019 жылы мүгедектікке байланысты берілетін жәрдемақы мөлшері өсті.


I топтағы мүгедектерге – 57 021 теңге;


II топтағы мүгедектерге – 45 438 теңге;


III топтағы мүгедектерге – 30 886 теңге.


Бала кезінен мүгедектерге:


I топтағыларға – 57 021 теңге;


II топтағыларға – 47 220 теңге;


III топтағыларға – 35 638 теңге.


Чернобыль апатынан зардап шеккен мүгедектерге төленетін жәрдемақылар:


I топтағыларға – 83 452 теңге;


II топтағыларға – 71 276 теңге;


III топтағыларға – 59 693 теңге.


Асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақы


Асыраушысынан айырылған отбасылар 2019 жылы:


Бір балаға – 25 541 теңге;


Екі балаға – 44 250 теңге;


Үш балаға – 54 941 теңге;


Төрт балаға – 58 208 теңге;


Бес балаға – 60 286 теңге;


Алты және одан да көп балаға – 62 663 теңге алады.


Егер асыраушысы жұмыс істеген болса, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан да ақша төленеді.


Атаулы әлеуметтік көмек және мемлекетпен келісімшарт


2018 жылы аз қамтылған отбасыларға жаңа форматта атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Оның көлемі балаларды қосқанда отбасының әр мүшесіне ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50%-ын құрайды (14 850 теңге). Жаңа ережеге сәйкес, қазақстандықтар жарты жылға төленетін соманы бірден ала алады. Мемлекет ақша төлеп қана қоймай, отбасының еңбекке қабілетті мүшесімен жарты жылға әлеуметтік келісімшартқа отырады. Оны оқыту курстарына жібереді, кейін жұмысқа орналастырады. Тіпті шағын несие де беруі мүмкін. Келісімшарт тараптары оқыту және жұмысқа орналастыру ұсыныстарынан бас тартпауы керек. Бас тартқан жағдайда айыппұлдар салынады, атаулы әлеуметтік көлемі 50%-ға қысқартылады (отбасының қалған мүшелері жәрдемақыны бұрынғыша ала береді). Екінші рет бас тартса, ол адам жәрдемақы алушылар қатарынан шығарылады. Егер отбасында еңбекке қабілетті бірде-бір адам болмаса (мәселен, бірнеше баласы бар жалғызбасты ана), көмек сөзсіз тағайындалады. Ешқандай әлеуметтік келісімшарт жасасудың қажеті жоқ.


Дайындаған: Динара Доспан 


24.kz


Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/bylu-manyzdy/item/343283-bala-k-timine-bajlanysty-andaj-zh-rdema-ylar-beriledi

Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz




Көрілген: 1564    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.09.2019, 22:18

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31