Мәселе

Бас прокуратура шерулерге қатысты түсініктеме берді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

ҚР Бас прокуратурасы шерулерге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


«Бас прокуратура елімізде заңсыз жария акцияларға жол берілмейтіндігі туралы бірнеше рет ескерткен болатын. Алайда, жекелеген адамдар заңды талаптарға бағынбай, полиция қызметкерлерін арандатып, оларға шабуыл жасады. Жүргіншілердің, әйелдер мен балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді», делінген хабарламада.


Бас прокуратураның мәлімдеуінше, осыған байланысты, құқық қорғау органдары қоғамдық тыныштықты сақтауға және азаматтарды қорғауға бағытталған шаралар қабылдаған. Бұл ретте арнайы құралдар қолданылмаған. Құқық бұзушылар полицияға жеткізіліп, сот тәртібінде әкімшілік жауаптылыққа тартылған.


«Заңсыз акцияларға және тыйым салынған ұйымдардың қызметіне қатысу Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 488-бабына, Қылмыстық кодексінің 400 және 405-баптарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғатынын түсіндіреміз. Құқық қорғау органдары бұдан әрі де осындай бұзушылықтарға жол бермейтін және оларды болдырмау үшін заңмен көзделген шараларды қабылдайтын болады», делінген хабарламада.


 




Көрілген: 308    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 12.06.2019, 09:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31