Мәселе

"Басшылар өздері карантинге кетсін". Семейде кәсіпкерлер бас санитардың қаулысына қарсы шықты

  • "Басшылар өздері карантинге кетсін". Семейде кәсіпкерлер бас санитардың қаулысына қарсы шықты

Семейлік кәсіпкерлер шектеу шараларын жеңілдетуді өтініп бүгін әкімдікке жиналды. Ертең күшіне енетін қаулыға қайта өзгертулер мен толықтырулар енгізуді талап еткен олар облыстың бас санитар дәрігерінің соңғы қаулысымен мүлде келіспейміз дейді.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

 
Екі күн бұрын қызыл аймаққа енген Семей қаласында тағы да шектеулер, тағы да карантиндік күшейтулер енгізілді. Жаңа қаулы қаладағы шағын және орта бизнес өкілдері мен кәсіпкерлеріне ұнай қойған жоқ. Жетпістен аса қала тұрғыны бүгінгі ауа райына қарамастан әкімдік алдына жиналып, қаулыдағы қатаңдату шараларына келіспейтіндіктерін жеткізді. Себебі олар онсыз да банкрот болудың аз-ақ алдында тұрғандарын айтады. 

Жаңа қаулымен келіспейтіндердің бірі мейрамхана қызметкері Ермек Жүрсінбаев. Ол таңғы тоғыздан кешкі сегізге дейінгі аралықта жұмыс істеу тиімсіз екенін айтады. Себебі күндіз мейрамхана дәл осылай бос тұрады дейді.

"Біздің басшылардың өздерін карантинге жіберуді ұсынамын. Саясаткерлер, шенеуніктер жалақысыз отырып көрсін. Жарты жыл, бір ай, тіпті екі апта сол кезде бәріміз отырып сөйлесеміз. Әйтпесе мемлекет бізді тыңдамайды. Мейрамханалар, ойын-сауық мекемелері заңды бұзушылар сияқты көреді", - деді мейрамхана қызметкері Ермек Жүрсінбаев. 

Жиналғандардың көбін қаланың бас санитарлық дәрігері мен қала әкімі өз қабылдауына кіргізіп, арыз-шағымдарын тыңдады. Бұл уақытта далада қалған жұрт сыртта екі сағат күтті. Бірақ 120 минуттық жиналыс нәтижесіз аяқталды.

"Облыстық бас санитардың қаулысы болғаннан кейін қаулыны біз орындауға міндеттіміз. Қаулы жиырма үшінші сәуір ертеңнен бастап күшіне енеді. Онда көрсетілген үшінші мамырға дейін деп. Сондықтан ертеңнен бастап сол қаулыны талаптарын орындалуын біз қадағалаймыз", - деді Семей қаласының Бас санитарлық дәрігері Берік Тілебалдин.

Қаулының күшін жоюға құқымыз жоқ деген қаланың бас санитары кәсіпкерлерді тыңдадық, олардың арыз тілектерін жоғарыға жеткізіп, алдағы бір аптада жауабын айтамыз деп уәде берді. 




Көрілген: 911    Пікірлер: 0

жұма, 23.04.2021, 10:52

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31