Мәселе

Бекболат Тілеухан қайтадан әлеуметтік желінің хитына айналып жатыр

  • Фото: penza.press

    Фото: penza.press

Жұрт арасында «қарғысолог депутат» атана бастаған мәжілісмен Бекболат Тілеухан қайтадан әлеуметтік желінің хитына айналып жатыр. Ол өзін сынаушы журналистердің бірі Тоқтар Жақаштың жекесіне шығып, қарғап-сілеп жазба жібергені белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 

Естеріңізде болса, осыдан шамалы бұрын біз сөз еткелі отырған журналист өзінің facebook парақшасында Тұрсынай атты бір келіншектің жазбасымен бөліскен болатын. Ол жазбада Тұрсынайдың сіңілісі екеуі Депутат Бекболат Тілеуханның үйінде біраз уақыт үй қызметшісі болып жұмыс жасағаны айтылған.

 

«Суреттегі келіншектің аты - Тұрсынай. Депутат Бекболат Тілеуханның үйінде сіңлісі екеуі үй қызметін атқарыпты. Бірақ бір айдан соң, жылап-еңіреп жұмыстан шығып кетіпті. Келісілген ақысы төленбеген.

 

Айына миллион теңге жалақы алып, елді дінге үгіттейтін, бірақ кісі ақысын төлемейтін депутаттың исламдағы үкімі қандай? Бекең екі қызды "о дүниеде жағама жармасады-ау" деп қорықпағаны ма? Бұ дүниенің заңдары депуттарға арналмаған. Сонда, о дүниенің заңы да бұларға жүрмей ме?!», - деп жазған-тын.

 

Шамасы Бекболат мырзаның осы жазбаға жолдаған жауабы болса керек, Тоқтар Жақаштың жеке басына қаратып біраз қарғыс жолдағанын байқауға болады.

 

«Сенің айтқаның рас болып, Тұрсынай деген адамның ақысын жесем АЛЛАҺ мені тапсын! Олай болмай, көзің жетпеген нәрсеге жала қылып жапқаның рас болса,  АЛЛАҺ сенің жаңынды қуырып, «не болдымға ұшыратсын!» Әмин, әмин, әмин!!!

 

Қатты қинал! Жалақордың жаны екі дүниенің азабында шырылдасын! Әмин, әмин, әмин!!!

 

Боқан секілді жалынып-жалпайып, екпеттеп жылап, кешірім сұрамай ешқашан кешпеймін!», - делінген депутаттың смс хаттарында.

 

Оқи отырыңыз: «Нұр Отандық» қарғысологтың тізімінде менің де атым бар» - Серік Абас-шах

 

Журналистің жазуынша, дәл мұндай қарғысы үшін Бекболат Тілеуханды партиядан шығарып, қатаң жазаға тартса да аздық етпейді.

 

«Nur-Otan мынандай мракобестерден қашан арылады? Әлде, халықты қарғатып, дуалап, көзін байлап отыру үшін осындай колдун-мүттәйімдарды әдейі жинап алған ба? Онда партияның атын ауыстыру керек! Болмаса, мынандай қатынауыз қарғысы үшін Бекболат Тілеуханды партиядан шығарып, қатаң жазаға тартылуын талап етемін!

 

Дәл осы қарғысы үшін Бекболат Тілеуханның емес, Nur-Otan партиясының беделі құлдырап барады! Шара қолданбаса, бұл партияға деген халықтың сенімі мүлдем жойылады! Қиыс кеткен ақпаратты теріске шығарудың зайырлы жолдары бар ғой. Nur-Otan мүшелері сол зайырлы жолмен жүріп, елге үлгі болуы тиіс еді. Ортағасырлық көзқарастағы Nur-Otan мүшесі бұл қоғамды қалай түзетпек? Бекболат Тілеухан Nur-Otan қатарынан шығарылсын!

 

Парламент - халық мінбері! Бекболат Тілеуханның ҚР парламент мәжілісіндегі мандаты кері алынсын!», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

 




Көрілген: 3650    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.10.2020, 16:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 02:46
    Жайық құрып барады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30