Мәселе

Бердібек Сапарбаев: Оралмандарға баспана берілуі тиіс

  • © inform.kz

    © inform.kz

Қазақстанда оралмандарды бейімдеу орталықтары құрылады. Бұл туралы бүгін халықпен есептік кездесу өткізген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Ең алдымен отандастарымызға Қазақстанның кез келген өңірінде өмір сүруге мүмкіндік береді. Екіншіден, қоныс аудару барысында қала не болмаса ауылға яғни, жергілікті жерлерге байланысты отбасының әрбір мүшесіне шамамен 8 мың теңге төленеді. Егер пәтер не болмаса тұрғын үй бірден берілмесе, онда 12 ай бойы 30-дан 70 мың теңгеге дейін төленеді», - деді министр.


Бұл ретте Бердібек Сапарбаев осыдан 10 жыл бұрын елімізде оралмандарды бейімдеу орталықтары, жатақханалар болғанын еске салды.


«Өкінішке орай, олардың қайда кеткенін білмеймін. Дегенмен, онымен айналысуымыз керек. Қазіргі уақытта біз осы бағытта жұмыс жасап жатырмыз», - деді ол.


Сонымен қатар, Еңбек министрі бұл мәселеге қатысты тиісті комитетке тапсырма берілгенін атап өтті.


«Бастапқы кезде қандай да бір баспана берілуі тиіс. Олар өзге елден келді, бұл жерде таныстары да, туған-туыстары да жоқ», - деді Б.Сапарбаев.


 




Көрілген: 577    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.06.2019, 16:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31