Мәселе

Бергей Рысқалиевтің тәркіленген мүлкі қайтарылатын болды

  • https://abai.kz/

    https://abai.kz/

Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің тәркіленген мүлкі қайтарылатын болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

 

Алайда тәркіге алынған мүліктің тек жартысы қайтарылады деп хабарлайды Astana TV.

 

Шенеунік жемқорлық үшін сотталған болатын. Экс-әкімнің туыстарының мүлкі тәркіленбейтін болды. Бас прокуратура олардың заңсыз жолмен келгені дәлелденбегенін алға тартты.

 

"Туыстары мен өзгелерге ешқандай айып тағылмады. Соталды тергеу барысында олардың мүлкі заңсыз жолмен келгендігі анықталмады. Екіншіден, ресми шағымға дейін тәркіге алынған мүлік қайтарылды. Ол ҰҚТ-ны белгілі бір мерзімнен бастап құрған болса, бұл мүлік оның бизнесте жүрген кезінде тіркелген", - дейді Қазақстан Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов.

 

Мұндай шешім ел имиджіне қалай әсер етеді деген сауалға прокурор бұл сұрақтың мәселеге қандай да бір байланысы барын көрмей тұрғандығын алға тартқан.

 

Еске салсақ, 2019 жылдың қаңтарында Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевті қауіпсіздігі жоғары колонияда 17 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Оның мүлкін тәркілеп, алты жылға мемлекеттік қызметтен аластатқан болатын.

 

Ал оның ағасы Аманжан Рысқали болса, 16 жылға сотталып, мүлкі тәркіленген. Олар қылмыстық топ құрып, жемқорлықпен айналысқаны үшін кінәлі деп табылған болатын. Сот барысы сотталушыларсыз өткен. Себебі, ағайынды Рысқалиевтар Қазақстаннан кетіп қалып, оларға іздеу салынды. Кейін Бергей Рысқалиевтің Лондонда серуендеп жүрген сәтінен видео жария болған.

 

 




Көрілген: 485    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.09.2020, 13:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қазан, 23:05
    Кімге ренжиміз?..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31