Мәселе

Бес ауылдың жері сатылып кете жаздады

  • https://www.uralskweek.kz/

    https://www.uralskweek.kz/

«Жерімізді шетелдіктерге бермейміз» деп жүргенде Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы бес бірдей ауылдың шұрайлы жер­лері айдың-күннің ама­нын­да сатылып кете жаздады.

 

Алаяқтық жасап, «аңқау елге арамза молданың» тірлігін жасағандар «Рамут» және «Жарқын СК» жауапкершілігі шек­теулі серіктестіктері бо­лып шықты. Халықтың 42 мың гектардан астам жерін кепілге қо­йып, «Аграрлық несие кор­порация­сынан» миллиардтап қарыз алған шаруашылықтар кейін несиені төлемей қойған. Сөйтіп, даудың соңы сот ар­қылы шешілді.

 

Сонымен, жағдайды тарқатып айтсақ. Айыртау ауданының Қара­қамыс, Дәуқара, Егіндіағаш, Светлое және Бірлестік ауыл­дары­ның жерлері «Аграрлық несие корпорациясының» мен­шігі­не айналып кетудің аз-ақ ал­дын­да қалған. «Рамут» серіктестігі мен одан кейінгі «Жарқын СК» ком­пания­сы бес ауылдың егістік жер­лерін 2017 жылы «Аграрлық несие корпорациясына» кепілге қойған. Бірақ пысықайлар мәсе­лені ауыл адамдарына ескертпес­тен, өзге біреулерге қол қой­дырып алып­ты.

 

Тіпті, қол қойғандардың ішін­де әлдеқашан о дүниелік болған адамдардың да есімдері болған. Сенімхат қолдарына тиген соң  ой­ларына келгенін істепті. Ал кор­порациядан алған 756 миллион 207 мың теңге негізгі қарыз бен 156 миллион 207 мың теңге сыйақы және айыппұл санкциясы өтелмей қалады. Қарызы өтел­ме­ген кор­порация елорданың ма­ман­дан­дырылған ауданаралық эко­номика­лық сотына талап-арыз береді. Сот болып, онда «Жарқын СК» ЖШС  2018 жылдың 15 қазанына дейін қарызды толық өтеуге міндеттеледі. Бірақ межелі уақыт жеткенімен, қарыз қай­тарыл­майды. Ал 2018 жылдың 2 қа­за­нын­да сот шешім шығарып, орын­дау үшін Солтүстік Қазақстан облысындағы аймақтық жеке сот орындаушысына жібереді. Сөй­тіп, шаруашылықтың бар дүние-мүлкі мен техникасы және ауыл тұр­ғындарының барлық егістік жері қарыз төленбеген соң несие корпорациясының меншігіне өте­ді. Ал «Аграрлық несие кор­пора­ция­сы» өз иелігіне өткен жерді аукционға қойып сатпақ болыпты. Осылайша, жеке сот орындау­шы­сы­ның қаулысымен 42 919 гектар жер мен 16 ауыл шаруашылығы техникасы бірыңғай сауда-саттық алаңына қойылады.

 

Бұл туралы, тіпті жергілікті билік өкілдері де хабарсыз болып­ты. Тек жер түбегейлі сатылуға үш-ақ күн қалғанда «оянған» Айыр­тау ауданы әкімдігі халықты хабардар етеді. Бірден шу кө­теріліп, бес ауылдың жұрты аудан әкімдігіне баса-көктеп кіреді. Жал­пы саны 300-ден астам адам жер­дің сатылып кетуіне қарсы шығып, әкімдікте жиын өтеді.

 

&ndash Жиын барысында жердің сатылып кетпеуі үшін шындықты айтып, дау көтердік. халыққа ескерт­пестен жерді саудалағаны үшін сот орындау­шы­сының үстінен шағым беріп, аудан әкім­дігі­нен әділдік орнатуын талап еттік. Істің арты үлкен дауға айналған соң, сот аукционды кейінге қалдыруға мәжбүр болды. Нағыз тартыс осы­дан кейін басталды. Бас прокура­тураға, Жоғарғы сотқа дейін арызданып, күн-түн демей дамыл таппадық. Сөйтіп, прокуратураның араласуымен жерді кепілге қойған шаруашылық үстінен «алаяқтық» бабымен қыл­мыс­тық іс қозғалды, &ndash дейді Қара­қамыс ауылының бел­сенді тұрғындарының бірі Орынбай Атығаев.

 

Бұл туралы, тіпті жергілікті билік өкілдері де ха­барсыз болып­ты. Тек жер түбегейлі сатылуға үш-ақ күн қалғанда «оянған» Айыртау ауданы әкімдігі ха­лықты хабардар етеді. Бірден шу кө­теріліп, бес ауыл­дың жұрты аудан әкімдігіне баса-көктеп кіреді. Жал­пы саны 300-ден астам адам жердің сатылып ке­туіне қарсы шығып, әкімдікте жиын өтеді.

 

Арада бір жыл бойы бес-алты мәрте сот отырысы өткен. Ауыл аза­мат­тарының белсенді әрекеті­нің нәтижесінде барлық жер үлес­терінің құжаттары жиналып, дә­лел­дер келтіріліп, тиісті құжат­тар толтырылған.

 

«Жеріміздің сатылып кетпеуі үшін барынша әрекет еттік. Бұқа­ра­лық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде аталған мә­селе бойынша талай материал­дар жарияланды. Сотқа барлық қажетті мәліметтерді ұсындық. Қыл­мыс­тық іс бойынша прокура­тура то­лықтай тергеу жүргізді. Өт­кен сен­біде Қарақамыс ауылын­да тағы жиын өткізіп, бес ауылдың ұлан­дары бірлесіп «Менің Туым! Менің Отаным» челленджін өткіздік. Мұндағы мақсат  &ndash  еліміз­дің тәуел­сіздігін, бес ауыл­дың бірлігі мен елдігін көрсету болды», &ndash дейді істің басы-қасында жүрген азамат­тың бірі Ернұр Нұрғали.

 

Сонымен, арада жыл өткенде, 19 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облыстық сотында соңғы сот отыры­сы өтіп, іс халықтың пай­да­сына шешілді. Үш жылдан астам уақыт бойы әділдік іздеген бес ауыл үшін ақ түйенің қарны жарылды. Енді кепілге қойылған 42 мың гектардан астам бес ауылдың жері кері қайтарылады. Жерден басқа сенері жоқ ауыл адамдары үшін бұдан асқан қуаныш та жоқ шығар, сірә&hellip

 

 

 

aikyn.kz

 

 

 

 




Көрілген: 1596    Пікірлер: 0

жұма, 22.01.2021, 12:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31