Мәселе

Бетімен кеткен букмекерлерді ауыздықтайтын заң керек-ақ!

  • Бетімен кеткен букмекерлерді ауыздықтайтын заң керек-ақ!

    Бетімен кеткен букмекерлерді ауыздықтайтын заң керек-ақ!

«Біздегі қаптаған букмекерлік кеңеселердің иелері кімдер және олар бюджетке салық төлеп жарытып жатыр ма?» деген сауал көпшілікті мазалайды.

Қолына ұялы телефон ұстаған қазақ баласы ойын бизнесінің бір саласы букмекерлік бәс тігудің жарнамасынан еш қашып құтыла алмайтын болды. Бір кездері Головкинге бәс тігіп «автокөлік пен баспанасыз қалғандар» қаншама. Қанша айтқанмен «спортқа бәс тігудің» асығы алшысынан түсіп тұр. Әрі жарнамасы бәс тікпесіңе қоймайды. Букмекерлер қаншама шаңырақты қаржылық жақтан жарға жығып та үлгерді. Ғаламтор мен қала көшелеріндегі бәс тігу жарнамалары әлекедей жалаңдап өзіне тартады.

Күн сайын құмарпаздардың аужайын жақсы білетін түрлі деңгейдегі букмекерлер қалталарын миллион емес, керек десеңіз миллиард теңгеге қампитып жатқан жайы бар. Таяуда еліміздің 8 аймағында 10 адамға дейін қызмет істейтін “Finbet” букмекерлік кеңселерінің офистеріне тінту жүргізілді. Қаржылық мониторинг бойынша Комитеттің дерегіне сүйенсек аталған ұйым жыл сайын ең құрығанда 3 миллиард теңге табыс тауып отырған. Осы кеңселердің лауазымды тұлғалары ұсталып, уақытша тергеу орнына қамалды.

Александр Жариков жетекшілік ететін “Фаворит” ЖШС қарасты “Finbet” букмекерлік кеңселері миллиард теңге табыс тауып отырғанына қарамастан шағын кәсіпорын саналады.

2011 жылдан бері өз бизнесін дөңгелетіп келе жатқан “Фаворит” ЖШС 2017 жылы 112,5 миллион теңге салық төлесе, 2018 бар жоғы 32 миллион теңгені ел қазынасына құйған. Ал, 2019 жылы аузын қу шөппен сүртіп, 10 миллион теңгені салыққа төлеп атымтай жомарттық жасапты.

Бұл былығы ашылған бір ғана букмекерлік кеңесе. Ал, жалғанды жалпағынан басып жүргендері қаншама.

Бетімен кеткен букмекерлерді ауыздықтайтын заң керек-ақ!

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz




Көрілген: 300    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.01.2020, 12:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29