Мәселе

Болашақта коронавирус секілді аурулар пайда болуы мүмкін – мамандар

  • Болашақта коронавирус секілді аурулар пайда болуы мүмкін – мамандар

    Болашақта коронавирус секілді аурулар пайда болуы мүмкін – мамандар

Соңғы жарты ғасыр ішінде жер бетіндегі жабайы аңдардың саны 68%-ға азайған. Бұл жан түршігерлік мәліметті Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры жария етті.

 

Жануарлар мәселесі әлемде өзекті тақырыпқа айналды, деп хабарлайды «Хабар 24». Соңғы жарты ғасыр ішінде жер бетіндегі жабайы аңдардың саны 68%-ға азайған. Бұл жан түршігерлік мәліметті Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры жария етті.

 

Мамандар: «Мәселеге назар аударып, шұғыл әрекет етпесек, болашақта COVID-19 секілді жаңа аурулар пайда болуы мүмкін», – деп ескертеді.

 

Өкінішке қарай, мамандар: «Бәріне адамдар кінәлі», – деп отыр. Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының баяндамасы екі жыл сайын жарияланып отырады. Мамандар биылғы баяндамада жан түршігерлік мәліметпен бөлісті. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, 1970-2016 жылдар аралығында жануарлардың саны 68%-ға қысқарған. Оның ішінде сүтқоректілер, құстар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар мен балықтар бар. Мамандар омыртқалы жануарлардың 4,5 мыңға жуық түрін зерттеген. Өйткені басқалармен салыстырғанда оларды есептеу оңайырақ.

 

Марко Ламбертини, Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының бас директоры:

– Бұл – 50 жылдан аз уақыт ішіндегі ахуал. Бірақ соңғы 20 жылдағы жағдай алаңдатарлық. Өйткені осы уақыт ішінде жануарлар саны тез қысқарып барады. Негізі соңғы баяндамамызды 2 жыл бұрын жария еткен едік. Онда жабайы аңдар саны 60%-ға қысқарды десек, биылғы мәліметтерде ол көрсеткіш 70%-ға жуықтады. Жануарлардың ғаламшарда тіршілік етіп келе жатқанына миллиондаған жыл болды. Ал біз небәрі 50 жыл ішінде осындай сұмдық нәтижеге жетіп отырмыз. Егер бұл мәселеге немқұрайлы қарайтын болсақ, болашақта коронавирус секілді жаңа аурулардың өршуі әбден мүмкін. Францияда экологтардың ереуілі өтті Бразилиядағы Амазония ормандарының жағдайына өзге ұйымдар да алаңдаулы. Бұған дейін түрлі мекеме осы мәселені көтеріп, наразылық акцияларын өткізетін. Бұл жолы Париждегі Елисей алаңында Greenpeace өкілдері ереуіл ұйымдастырған.

 

Сесиль Лебуа, Greenpeace мүшесі:

– Амазония – әлемдегі ең ірі тропикалық ормандардың бірі. Оны отауға жол берсек, жаһандық жылынуды тоқтатуға еш мүмкіндігіміз қалмайды. Алайда түрлі ұйымдардың жанайқайына қарамастан, орманды отау жылдан-жылға көбеймесе, азаятын түрі жоқ. Бұл негізінен соя өндірісімен байланысты. Оған Францияның да қатысы бар. Өйткені француздар жылына 4 млн тоннаға дейін соя импорттайды. Сол үшін бүгін Президент сарайының алдында келіп отырмыз. Латын Америкасында жануарлар қатты азайып барады Халықаралық ұйымдардың Латын Америкасындағы жағдайға алаңдауы бекер емес. Өйткені Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының баяндамасына сәйкес жануарлардың саны ең көп қысқарған құрлық – Латын Америкасы. Одан кейін Азия-Тынық мұхиты аймағы, Солтүстік Америка, Еуропа мен Орталық Азия тұр. Жалпы баяндамаға сәйкес бүгінде жер бетіндегі құрлықтың 25-і ғана адам әрекетінен зардап шекпеген екен.

 

Қыркүйектің алғашқы аптасында Амазонияда 8373 өрт тіркелген

Мамандар: «Бәріне адамдар кінәлі», – дейді. Тамақты шамадан көп тұтыну, ормандарды отау, балық аулау мен фермерлік кесірінен жағдай осылай ушығып кеткен. Сондықтан шұғыл әрекет етудің жоспары ұсынылып отыр.

 

«Табиғатты қорғауға бағытталған шаралар мен экономиканың жаңа моделіне көшу арқасында біз 2070 жылы биологиялық алуантүрліліктің 2010 жылғы деңгейіне оралуымыз мүмкін», – дейді сарапшылар.

 

Мамандар әсіресе Амазониядағы ормандарға қатты алаңдаулы. Былтыр жер серігінен түсірілген суреттер көрсеткендей мұнда бір минут сайын өлшемі футбол алаңындай орман алқабы оталып отырған екен. «Жығылғанға – жұдырық» демекші, Амазониядағы ахуалды орман өрті де ушықтырды.

 

Мэтт Файнер, Amazon conservation ұйымының бас маманы:

– Орман өртінен өсімдіктер өртеніп, жануарлар қырылып жатыр. Бірақ тілсіз жаудың басылатын түрі жоқ. Қыркүйектің алғашқы аптасында Амазонияда 8373 өрт тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.

 

aikyn.kz




Көрілген: 1069    Пікірлер: 0

сенбі, 12.09.2020, 01:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қазан, 22:51
    ЖАҚСЫ ЕНЕНІҢ 15 әдеті
    26 Қазан, 23:05
    Кімге ренжиміз?..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31