Мәселе

Бір жасар қыз екпеден кейін көз жұмды: дәрігерлер себебін түсіндірді

  • Бір жасар қыз екпеден кейін көз жұмды: дәрігерлер себебін түсіндірді

    Бір жасар қыз екпеден кейін көз жұмды: дәрігерлер себебін түсіндірді

Көкшетаудағы бала өлімін мамандар екпе салумен байланысты емес деп отыр. Денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық денсаулық сақтау комитеті бір жасар қыздың патологанатомиялық зерттеуінің қорытындысын жариялады.

Сот-медициналық сарапшылар баланың өлімі екпемен байланысты емес деген қорытынды шығарған.


"Көкшетаудағы бала өліміне тыныс алу жеткіліксіздігі себеп болды деген қорытынды жасалып отыр. Бұл ауру екі жақты тінаралық серозды-десквамативті өкпе қабынуының салдарынан болған", - деп жазылған қорытындыда.


Мамандардың айтуынша, мұндай сырқат ұзақ уақыт бойы біртіндеп асқынады. Яғни тінаралық пневмония - созылмалы өкпе қабынуы. Негізінен, ол ұзақ уақыт бойы ағзаға әсер ететін никотин салдарынан болады.


Ведомстводағылар бала ұзақ уақыт бойы темекі шегетін бөлмеде болып, оның түтінін жұтқан деп отыр.


Сондай-ақ сот-медициналық сарапшылар өлімнен 1-3 күн бұрын қыздың денесінің қатты затқа ұрылып, көгергенін анықтаған.


Қазір комитеттің аумақтық департаменті сот-медициналық сараптама қорытындысын тәуелсіз сарапшыға тапсырды. Тексерістен соң, сараптама материалдары Көкшетау қаласының полиция басқармасына жіберіледі.

Қазақстанда балаға екпе салдырудан бас тартқан ата-аналарға айыппұл салынуы мүмкін

Еске сала кетсек, наурыздың 5-нен 6-на қараған түні Көкшетаудағы жедел жәрдем бригадасы 2018 жылдың 29 қаңтарында дүниеге келген қыздың өлімін растаған болатын.


Балаға 5 наурыз күні "Қалалық емханада" екпе салынғаны анықталды (ККП, ОПВ және пневмококк вакцинасы).


"Екпе салудың алдында баланы дәрігер қарап шықты. Екпе салуға ешқандай қарсы көрсетілім болмады. Баланың әжесі вакцина жасауға қарсы емес екенін айтты. Екпені профилактикалық вакцина салуға рұқсаты бар медбике жасады", - деп хабарлады комитет өкілдері.


Сондай-ақ, бұл күні тағы 23 балаға екпе салынған. Бәрі қалыпты жағдайда өткен.


Бала өлімі бойынша Қылмыстық кодекстің 317-бабының 3 бөліміне (медициналық қызметкердің кәсіби міндеттерін дұрыс орындамай, абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеттер) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. 




Көрілген: 673    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.04.2019, 15:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31