Мәселе

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • Фото: pexels.com

    Фото: pexels.com

Ауа райына байланысты бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды.

 

30 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай болады. Солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады.

 

Қызылорда қаласында 30 сәуірде түнде және таңертең найзағай соғады.

 

Ақмола облысында кей жерлерінде 3 градус үсік болады.

 

30 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болады. Батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

 

Петропавлда күндіз 30 сәуірде батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с.

 

30 сәуірде таңертең және күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20, екпіні 25 м/с.

 

Шымкентте 30 сәуірде күндіз найзағай болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

 

Түркістанда 30 сәуірде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

 

Қостанай облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

 

Қостанай қаласында күндіз батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

 

30 сәуір-1 мамырда Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай, бұршақ жауады. 30 сәуір- 2 мамырда кей жерлерде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с, 1-2 мамырда екпіні 23-28 м/с жетеді.

 

Таразда 30 сәуір мен 1 мамырда кей уақытта найзағай, бұршақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с.

 

 

 

24.kz




Көрілген: 1869    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.04.2021, 18:51

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30