Мәселе

Біртановтың адвокаты мәлімдеме жасады

  • https://rus.azattyq-ruhy.kz/

    https://rus.azattyq-ruhy.kz/

Бұрынғы денсаулық сақтау министрінің адвокаты Дмитрий Куряченко келтірілген күдіктің негізсіз екенін, Елжан Біртановтың ешқандай кінәсі жоқ екенін мәлімдеді деп хабарлайды zakon.kz.

 

Заң маманы Біртановқа қатысты іс сұрақ-жауап алу деңгейінде, тергеу түрінде жүріп жатқанын атап өтті.

 

"Келтірілген күдік негізсіз, - дейді Куряченко .

 

Ол белгілі дәрігерлер мен қоғам қайраткерлері араша түсіп, жазған хаттары істе маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

 

 "Заңда жекелеген адамдардың мінездемесі, кепілдік беруі қарастырылған, себебі ол сотта белгілі бір рөл атқарады. Ал азаматтардың жеке пікірін тыңдап, оны ескеруі, заңның осы бір тұсын пайдалану жағы сотқа байланысты", - деп түсіндірді Біртановтың адвокаты.

 

Ол бұрынғы денсаулық сақтау министрі өзін кейбір азаматтардың қолдап жатқанын білгенін жеткізді. Оларға алғысы шексіз екенін айтты, дейді заң маманы.

 

Еске салсақ, бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында экс-денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Онда экс-министр интеграциялық платформаны сатып алуға бөлінген 526 млн теңгеден аса бюджет қаржысын жымқырған деген күдікке ілінгені хабарланған.

 

kaz.nur.kz




Көрілген: 980    Пікірлер: 0

жұма, 06.11.2020, 17:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Қаңтар, 23:18
    Тазалықтың 7 ережесі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31