Мәселе

Дағыстанның экс-премьер министрінің ұлы Томирис Байсафаның өліміне қатысты айыптан ақталып шықты

  • Дағыстанның экс-премьер министрінің ұлы Томирис Байсафаның өліміне қатысты айыптан ақталып шықты

    Дағыстанның экс-премьер министрінің ұлы Томирис Байсафаның өліміне қатысты айыптан ақталып шықты

Мәскеудегі сот Дағыстанның бұрынғы жоғары лауазымды шенеунігінің ұлы Мұхтар Меджидовты қазақстандық Мәскеу мемлекеттік Халықаралық қатынастар институты студенті Томирис Байсафаны өлтірді деген айыптан ақтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасай отырып.

"Меджидов алқабилердің ақтау үкімін шығаруына байланысты ақталатын болды", – деді сотта.

 
Марқұмның туыстары сотталушыдан 30 миллион рубль көлемінде өтемақы өндіріп алуға тырысқаны, бірақ сот олардың азаматтық талаптарын қабылдамағаны атап өтілді.

Жақында Муртузали Меджидовты қазылар алқасы оның қыздың өліміне кінәсі дәлелденбегендіктен ақтады. Олардың үкімінің негізінде сот үкім шығарылды.

Айта кетейік, 2018 жылдың сәуір айында ММХҚИ-да оқып жүрген қазақстандық 21 жастағы студент Томирис Байсафа ЖОО ғимаратының төртінші қабатындағы терезеден құлап кетті. Қыз Склифосовский атындағы ҒЗИ ауруханасына жеткізілді, бірақ көп ұзамай ол көз жұмған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сонда Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров ресейлік әріптесі Татьяна Москальковадан істі жеке бақылауға алып, "объективті тергеуді қамтамасыз етуді" сұрағанын хабарлады. БАҚ Томирис пен Муртузали кездесіп жүргенін хабарлаған еді. 

Меджидовтың ақтауға алты алқабидің бесеуі дауыс берген. Никулинск сотының залынан дүйсенбі күні босатылды. 
Сейсенбі күні сот алқабилердің үкімі негізінде күдіктіні ақтау жайлы шешім қабылдады. 

Марқұмның анасы Жанна Ахметова  судья Константин Дубков "Меджидовты қатты қолдауды"деп мәлімдеді.

"Никулин аудандық сотының судьясы Дубков, менің ойымша, Меджидов жағын қатты қолдайды, олардың өтініштерінің 80%-ын қанағаттандырады, олардың сөзін бөлмей тыңдайды, бәрін айтуға мүмкіндік береді. Біздің өтініштеріміз, ескертулеріміз 30-40%-ға қабылданады", - деп жазды Ахметова Инстаграмдағы парақшасында.

Бастапқыда Меджидовқа қатысты өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу бойынша іс қозғалды.

"Тергеуде мен Муртузалидің өзін бүртүрлі ұстағанын айтқан едім. Алайда бөлім жетекшісі: “жігітті жайына қалдыр, оның бұл жерде түк қатысы жоқ” деді. Бірнеше күн өткен соң қызымның заттарын беріп жіберді де, істі жабатынын айтты”, - дейді марқұмның анасы. 

Жанна Ахметова Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады. Осыдан кейін іс материалдары аудандық бөлімнен Ресейдің Тергеу комитетінің Мәскеу басқармасына, содан кейін ҰҚК орталық аппаратына жіберілді.

2020 жылдың шілдесінде Меджидов ұсталып, кісі өлтірді деген айыппен тергеу изоляторына жіберілді. БАҚ қыздың Меджидовпен кездескенін жазды, бірақ трагедияға дейін олар ұрысып қалған.

Меджидовтың өзі жанжал кезінде Байсафаның өзі терезеден секіргенін және оның өзіне-өзі қол жұмсауға қатысты ойы болғанын айтты.

Марқұмның анасы ауруханаға келгенде ол жерде Меджидовты кездестіргенін айтады. Оның айтуынша, ол жанжалдың қалай болғанын бірнеше рет әртүрлі жеткізген. 

Меджидовтың әкесі Мұхтар Меджидов 2013 жылдың қаңтар-шілдесінде Дағыстанның премьер-министрі болған. Ол республика басшылығында 2007 жылдан бастап қызмет атқарды, бұған дейін 1995-1999 жылдары Дағыстан Парламентінің депутаты болған.

Қазір Мұхтар Меджидов Ресей Қорғаныс Министрлігінен 108 миллион рубль ұрлады деп айыпталуда. 2020 жылдың желтоқсанынан бастап ол үй қамауында.

Тергеу мәліметтері бойынша, 2012 жылы Дағыстан Үкіметі төрағасының орынбасары болған Мұхтар Меджидов Қорғаныс министрлігінің қызметкерлерін Избербаштағы радио зауытында радарлы қону жүйелеріне тапсырыс беруге көндірген. Зауыт 135 миллион рубль көлемінде радарлы қону жүйесінің үш жиынтығын жеткізуі керек еді. Қорғаныс министрлігі 108 миллион рубль көлеміндегі ақшаны аударған, алайда бұл қаражат ұрланған.




Көрілген: 685    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.06.2021, 16:09

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31