Мәселе

Даниал Ахметовке шағымданған депутаттар Тоқаевтан көмек сұрайды

  • https://ratel.kz/

    https://ratel.kz/

Семей қалалық мәслихаты жаңа шақырылымының депутаттары президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына қоғамдық көлік саласында қалыптасқан жағдайға байланысты хат жазды. Бұл туралы Politic сайты хабарлады.

 

"Семей қаласының тұрғындары жыл бойы қозғалыс кестесінің бұзылуына байланысты тасымалдаушылардың жұмыс сапасына наразы. Жүргізушілер бірнеше рет жалақыларын уақытылы төлеуді талап етіп, жолға шығудан бас тартқан болатын. Бұл көлік қозғалысын тоқтатып, қалада әлеуметтік шиеленіс тудырды" делінген депутаттар хатында.

 

Мәслихат өкілдерінің айтуынша, 2017 жылы жеке меншік парк иелері жолаушылар көлігі қозғалысын тоқтатуынан кейін облыс басшылығы жеке инвестицияларды тарта отырып, мемлекеттік жеке серіктестік негізінде Semey Bus муниципалдық автобус паркін құру туралы шешім қабылдаған. Жаңа кәсіпорын ҚДБ банкін қаржыландыру кезінде отандық өндірістің 170 автобусын кредиттік негізде сатып алды. Осылайша, Семей жылжымалы құрамды 100 пайыз жаңартып, "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы бойынша электрондық билеттеуді енгізген алғашқы өңір болды. Бұл екі шарт тиімсіз маршруттарды субсидиялауға одан әрі негіз болды. Осы ретте электронды билеттеуді енгізу бюджетке салық түсімін он есеге, яғни 50 млн теңгеден 500 млн теңгеге дейін ұлғайтқан.

 

"Бастапқыда жобаны қолдау туралы 2018 жылғы 24 желтоқсандағы келісіммен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Қазақстанның қайта құру банкі және автопарк арасында әлеуметтік маңызы бар, яғни тиімсіз маршруттар бойынша тасымалдарды субсидиялау қарастырылған болатын. Облыстық мәслихаттың 2020 жылдың 9 қазанындағы қаулысымен Семей қаласындағы 38 маршруттың 38-і де әлеуметтік маңызды, яғни залалды маршруттар деп танылды. Мұның өзі оларды субсидиялауға негіз бола алады.

Бүгінде Semey Bus ЖШС қарызына байланысты қиын жағдайға ұшырап тұр. Осыған байланысты  парк өз жұмысын  тоқтату қаупі бар. Соның кесірінен қала тіршілігі тоқтап, қоғамдық резонанс тууы мүмкін. Өйткені қаланың барлық маршрут желісінің шамамен 70 пайызын осы парк арқылы жүзеге асырылатын тасымалдар көлемі құрайды.

Биыл бұл мәселе Семей қаласы және облыс әкімдігінде, сондай-ақ қалалық мәслихаттың Nur Otan партиясы депутаттық фракциясында бірнеше рет талқылауға шығарылды. Алайда нақты шаралар қабылданбады" делінген хатта.

 

Сонымен қатар үндеуде МЖӘ бағдарламасы бойынша жаңа автобус паркін құру мәселесіне қатысты бірқатар сұрақтар туындағаны айтылған. Ал Semey Bus автобус паркін құруға облыстық бюджеттен 620 250 000 теңге және 658 837 000 теңге жеке инвестиция салынған болатын. 

 

Қорыта келе, депутаттар Қасым-Жомарт Тоқаевтан Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің жобаны қолдау туралы келісімде көзделген субсидияларды бөлу жөніндегі өз міндеттемелерін орындауына жәрдем көрсетуді сұрайды.

 

 

qamshy.kz




Көрілген: 575    Пікірлер: 0

жексенбі, 28.03.2021, 22:34

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31