Мәселе

Даниал Ахметовтың қарындасын ұрлап кеткен қылмыскерлерді қандай жаза күтіп тұр?

  • Даниал Ахметовтың қарындасын ұрлап кеткен қылмыскерлерді қандай жаза күтіп тұр?

    Даниал Ахметовтың қарындасын ұрлап кеткен қылмыскерлерді қандай жаза күтіп тұр?

"Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен адамды пайдакүнемдік ниетпен қару қолдану арқылы ұрлау" деген баптары бойынша айып тағылған.
Павлодарда адам ұрлауды жоспарлаған қылмыскерлер Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметовтың қарындасынан 200 миллион теңге талап еткен, деп хабарлайды  Stan.kz.

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Павлодар қаласының тұрғыны Гүлфаз Аубанованы ұрлау туралы қылмыстық іс қаралды.

Гүлфаз Кенжетайқызы Аубанова - Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметовтің қарындасы. Ол жеке медициналық ұйымдар желісінің топ-менеджері. Жеке медициналық орталықтың директоры, Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болған. 2009 жылдан бастап Павлодар облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің департаментін басқарды.

Күдіктілердің қатарында бір фирманың басшысы және оның қызметкері бар. Оларға ҚР ҚК-нің "Қылмысқа оқталу", "Аса ірі мөлшерде қорқытып алушылық", "Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен адамды пайдакүнемдік ниетпен қару қолдану арқылы ұрлау" деген баптары бойынша айып тағылған. Егер қылмыс дәлелденсе күдіктілер 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"2013-2018 жылдар аралығында ЖШС директоры мен құрылтайшысында 360 миллион теңге сомасындағы несиені өтеуге байланысты қаржылық қиындықтар пайда болған. 200 миллион теңге көлемінде ақша өндіріп алу үшін ол өз кәсіпорнының күзетшісімен бірге Г. К. Аубанованы ұрлап кеткен",- делінген соттың баспасөз хабарламасында.

 




Көрілген: 222    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.02.2020, 10:49

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30