Мәселе

Дәрігер дұрыс қарамаса, кімге арыздану керек?

  • Дәрігер дұрыс қарамаса, кімге арыздану керек?

    Дәрігер дұрыс қарамаса, кімге арыздану керек?

Қызмет көрсету сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің әр қала мен әр өңірде департаменттері бар. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов сапасыз медициналық қызметке тап болған азаматтарға кеңес берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Бүгінде әрбір қалада, тіпті әрбір аудан орталығында жергілікті департаменттер бар. Ол департаменттер тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне қарайды. Бұл – қайта құрылған комитет. Министрліктің ресми сайты арқылы комитетке шығуға болады. Сол жерде жергілікті департаменттердің байланыс телефондары да көрсетілген", - деді Біртанов есеп беру кездесуінде.


Министрдің айтуынша, дәрігерлер өз жұмысын дұрыс атқармаса, медициналық қызмет сапасыз көрсетілсе, сол департаменттерге жазбаша арыз тапсыру қажет.


Тағы оқыңыз: Елжан Біртанов бас дәрігерлерге ескерту жасады


"Негізі, біз әлеуметтік желілерге шығатын арыз-шағымдарды да оқып отырамыз. Алайда оның бәрін ресми түрде тіркеуге құқығымыз жоқ. Заң бойынша жаңағы комитетке, я болмаса, жергілікті департаменттерге жазбаша түрде арыз беру керек", - деп атап көрсетті Біртанов. 




Көрілген: 537    Пікірлер: 0

сейсенбі, 18.06.2019, 20:37

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31