Мәселе

Депутат жұмыспен қамту орталықтарының былығын әшкереледі

  • © Sputnik / Болат Шайхинов

    © Sputnik / Болат Шайхинов

Мәжіліс депутаты Құдайберген Ержан жұмыспен қамту орталықтары нысаналы көрсеткіштерге қандай жолмен қол жеткізетінін айтты, деп хабарлайды sputniknews.kz тілшісі.

Депутат бүгінде жұмыс істеп тұрған 200-ге жуық жұмыспен қамту орталығының негізгі міндеті &ndash жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу екенін атап өтті. Бірақ мұндай орталықтар нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін түрлі заңбұзушылықтарға барып жатады.

"Мәселен, жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері жұмыс берушілермен келіседі де орталық жолдамасымен қайтадан жұмысқа орналасты деп белгі қояды. Яғни, еңбек нарығы ақпараттық жүйесіне өзгеріс енгізу олар үшін оңай. Ал шын мәнінде жаңа жұмыс орны ашылған жоқ. Бірақ іс жүзінде әлгі адам өз кәсіпорнында жұмысын жалғастырып жатдады. Осылайша жұмыспен қамту көбіне, формалды түрде өтеді", &ndash деді депутат мәжілісте өткен үкімет сағатында.
Осыған байланысты Құдайберген Ержан жұмыспен қамту процестерін автоматтандыру қажеттігі туындағанын айтты.

Өз кезегінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов депутаттың сөзімен толық келісетінін білдірді.

"Мұндай проблема бары жасырын емес. Оны прокуратура тексеріп, айқындаған. Нысаналы көрсеткіштер үшін жалған жұмысқа орналастыру, бір мекемеден шығарып, оған қайта кіргізу жағдайлары тіркелді", &ndash деді ол.

Министр қазір бұған цифрлық-ақпараттық жүйе арқылы тосқауыл қойылып жатқанын атап өтті.

"Қазір адамды жұмыспен қамту орталығы жұмысқа жіберердің алдында, ақпараттық жүйе оның алдыңғы жұмысын тексеріп алады. Сөйтіп, ол адамға бір жерден жұмыстан шығып, оған қайтып баруына ақпараттық жүйе жол бермейді. Жалпы болашақта біз жұмыспен қамту орталықтарын халықпен қатынаспай, цифрлық шешімдер арқылы жұмыс істеуге көшіреміз", &ndash деді Нұрымбетов.




Көрілген: 1190    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.09.2020, 13:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қазан, 23:05
    Кімге ренжиміз?..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31