Мәселе

"Диагнозды дұрыс қоймады": Қазақстандық ата-ана сәбиінің өліміне дәрігерлерді айыптауда

  • "Диагнозды дұрыс қоймады": Қазақстандық ата-ана сәбиінің өліміне дәрігерлерді айыптауда

  • "Диагнозды дұрыс қоймады": Қазақстандық ата-ана сәбиінің өліміне дәрігерлерді айыптауда

Тоғыз айлық сәби дәрігерлердің салғырттыған шетінеді деген павлодарлық ерлі-зайыпты әділдікке жете алмай жүр. Олардың сөзінше, бүлдіршінге ақ халаттылар дұрыс диагноз қоя алмай, "тісі шығып келе жатыр" деп дене қызуын түсіретін дәрімен емдеген. Бұл немқұрайлықтың соңы қайғымен аяқталған. Полицейлер 12 айдан бері аталмыш іспен айналысып жатыр. Бірақ әлі күнге дейін нәтиже жоқ, деп Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Кетебаевтар отбасы тоғыз айлық Тимур есімді ұлдарынан айырылып қалды. Сәби дене қызуы көтеріліп ауруханаға түскен. Бүлдіршін сол күйі үйіне оралған жоқ.

 
"Төртінен бесіне қараған түні қабылдау бөліміне жоғары температурамен келдік. Ол жерде дәрігерді ұзақ күтіп, ақыры температураны түсіретін екпе салдырдық. Сол жерде қолымдағы баламның тыныс алуы қиындап, артынша көз жұмды", - деді Тимурдың анасы Алина Кетебаева.

Сараптамадан белгілі болғаны: бронхит, пневмония және гепатит сынды аурудан бүлдіршіннің миы ісінген. Сәбидің ата-анасы оның дене қызуы жоғары екенін бірнеше мәрте дәрігерлерге айтыпты. Алайда ондағылар "Тимурдың тісі шығып келе жатыр, бар мәселе сонда" деп түсіндірген. Сөйтіп антибиотик пен температураны түсіретін дәрі жазып берген.

Ал ақ халаттылар өздерінің әр қадамын дұрыс деп ата-анасын айыптауда. Олардың айтуынша, интернет арқылы емделіпті. Десе де осы даулы оқиғадан кейін дәрігер тек сөгіс алып құтылған.    

"Бізде барлығына бұл оқиға жайында айтылды. Сөйтіп бәріне ондай жағдайда не істеу керегі түсіндірілді. Ал дәрігерге сөгіс берілді. Ол қазір жұмысын жалғастырып жатыр", - деді "Дисконт" ӨК-тің бас дәрігері Сәуле Аязбаева.

Кетебаевтар отбасы бұл шешімге қанағаттанбай отыр. Олар кінәлі адамның жұмыстан шыққанын қалайды. Полицияға да арыз жазған. Алайда жыл өтсе де еш нәтиже жоқ.

Тәртіп сақшылары медициналық қызметкерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын айтады. Бірақ қосымша сараптаманың қорытындысы дайын болмауынан, сәби өліміне кім кінәлі екенін анықтай алмай отыр.




Көрілген: 542    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.04.2021, 09:34

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31