Мәселе

Директорлыққа 20 миллион теңге сұраған дей ме? Сенбейміз!

  • Директорлыққа 20 миллион теңге сұраған дей ме? Сенбейміз!

    Директорлыққа 20 миллион теңге сұраған дей ме? Сенбейміз!

Шымкенттегі «Отырар» атты ең зәулім, ең жаңа, ең көрікті ғылыми-әмбебап кітапхана біраздан бері басшысыз тұр. Мұнда 100-ден астам қызметкер бар. Әлеуеті жоғары, кітап қоры да мол, мүмкіндігі үлкен. 

Бұл кітапханаға директор болу бүгінде талай адамның арманына айналған сияқты. Кейбір хабарларға қарағанда, «Отырарға» басшы болуға талапкерлер саны бастапқыда он адамнан асып кеткен көрінеді. Олардың арасында есімдері елге белгілі бірқатар азаматтардың аттары аталуда. 

Бір кітапханаға директор болып отыра салу да оңай емес деседі. Конкурс, тест, іріктеу-сұрыптау, әйтеуір машақаты көп тірлік екен. 

Басшы тағайындау ұзаққа созылған сайын ол төңіректе сан-саққа жүгірген әңгімелер де өрттей қаулай беретіні заңдылық. Әсіресе Шымкентте... Бұл орайда тіпті кейде ақылға сыймайтын сөздер де желдей тарап жатады. 

Мысалы, соңғы кездері дәл сол қызмет үшін берілетін «сыйақының» мөлшерін алдын-ала айтып жүрген адамдар да бар. Бүгінде кімнің аузына қақпақ қоярсың? Базбір сөздерге қарағанда, бұл орын үшін біреулер жиырма миллион теңге сұрап жатыр екен-міс. Майда-шүйде емес, бақандай 20 миллион теңге! 

Әрине, бұл сенімсіз әңгіме ғой. Бірақ ол жұрт аузында айтылып жүрген сөз. Ондай сөз неге айтылады? Тағайындау созылып кеткен кезде және іріктеу жариялы түрде жүрмеген жағдайда әңгіме көбейе бастайды. 

Шымкентте адам көп. Бірақ қызмет орны аз. Сол себепті бәсеке де көп. Бір қызмет орны босаса, 20 талапкер шығады. 

Бұл бір жағынан өте жақсы ғой. Ашық, жариялы түрде ірікте де, ең мықтысын тағайында! Сонда құда да тыныш, құдағи да тыныш. 

Кітапхана деген бұл – киелі орын. Ол зиялы қауымның да бас сұғар жері. Кітапханаға басшы болып қолы да, ары да таза адам барса дейсің. Кітапханаға кітапхана ісінен хабары бар, өзі күнде кітап оқитын, жұртты да кітап оқуға қызықтыра алатын, қарапайым кітапханашы қауымды жанындай жақсы көретін адам директор болуы керек. Ол жерге біреудің жерлесі, біреудің әпкесі, енді біреудің құдашасы кездейсоқ барып отыра қалса, әрі ол адам кітапхана ісіне үш қайнаса сорпасы қосылмайтын біреу болса, нағыз сорақылық сол емес пе? Ондай кезде әңгіме деген бұрынғыдан бес бетер өршімей ме? Ондайда талай адамның абыройына нұқсан келмей ме? Бәрінен бұрын осы жағы ойландырады. 

Қысқасы, онсыз да мың-сан тірлігі бар әкім үшін бұл да бір сынақ. Бұл өзі тиісті басқармаға ысырып қойып отыра беретін ұсақ-түйек тірлік емес. Әжептеуір салмағы, маңызы бар мәселе. 

Маңызы бар мәселеде ел басқарып жүрген азаматтардың оп-оңай сүрініп кетпегенін қалаймыз. Бізде бұдан басқа ой жоқ. 

Б. НҰРАЛЫ.

www.zamana.kz




Көрілген: 1707    Пікірлер: 0

жексенбі, 19.01.2020, 14:53

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31