Мәселе

Дінмұхамед Қонаевтың жаңа ескерткіші көпшіліктің наразылығын туғызды

  • Дінмұхамед Қонаевтың жаңа ескерткіші көпшіліктің наразылығын туғызды

    Дінмұхамед Қонаевтың жаңа ескерткіші көпшіліктің наразылығын туғызды

Әлеуметтік желілерде Дінмұхамед Қонаевтың жаңа ескерткішінің суреті тарап, мүсіншілер мен оқырмандардың наразылығын тудырды. Олар Алматы облысының Бақанас ауылында орнатылатын монумент сұрықсыз шыққанын, ал оның авторы пропорция сақтай алмаған деп сөкті. Бұл туралы Sputnik.kz басылымы хабарлайды.

Мүсінге көңілі толмағандардың арасында бірінші болып белгілі мүсінші Олжас Мұхамеди пікір білдірді.

 
"Тендерлер мен көтерілістерге ескерткіш! Қазақстандағы мүсіндер мен ескерткіштер туралы мәселені бұрыннан айтып келе жатырмын. Бірақ көпшшіліктің көңілінен шығатын көрінеді, ешкім үндемейді. Мүмкін президент назар аударатын шығар. Мен 60 мүсіншілер тобының атынан ұсыныс бергеніме қуанатын едім", - делінген мүсіншінің Facebook-тегі басылымында.

 

Бұл жазбаны желі қолданушылары жарыса қолдап жатты. Сондай-ақ олар  мүсіннің дене пропорциялары сәйкес еместігін атап өтті. Басы кішкентай денесі сорайған деп сипаттады олар.

Алматы облысының әкімдігі Дінмұхамед Қонаевқа ескерткіш орнату өңір бюджетіне еш шығын әкелмегенін, ал оны қаржыландыру тек демеушілер есебінен жүзеге асырылғанын хабарлады.

"2020 жылдың 15 қазанында Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың ескерткішін орнату жөніндегі барлық тиісті құжаттар тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі облыстық комиссиямен қаралып, мақұлданды. Содан кейін барлық тиісті құжаттар Нұр-сұлтан қаласына Қазақстан Республикасының монументалды өнердің жаңа құрылыстарын орнату жөніндегі мемлекеттік комиссиясының қарауына жіберілді", - деп хабарлады Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы.




Көрілген: 847    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.10.2020, 00:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 02:46
    Жайық құрып барады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30