Мәселе

Дуадан арылу үшін емшіге барған келіншектің оқиғасы

  • Көрнекі фото.  https://vk.com/

    Көрнекі фото. https://vk.com/

Алматы облысындағы ауылдардың бірінде тұратын көріпкелге барған келіншек өз оқиғасымен бөлісті. Жансұлу (кейіпкердің қауіпсіздігі үшін есімі өзгертілді – ред.) барша тұрғындарды, әсіресе, әйел адамдарды емшіге барғанда сақ болуға шақырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

 

Алматылық келіншектің көріпкелге баруына туысқандары ықпал еткен. Себебі, олар Жансұлуға тіл-көз өткенін айтып, сұқ көзден сақтану үшін дем салдырып, емделу қажеттігін ескерткен. Өміріндегі қиын кезеңдерден қажыған Жансұлу да осы сөзге иланып, туысқандары ұсынған емшіге барады.

 

"Бұған дейін емші атаулыға сенбейтінмін. Бірақ өмірімдегі қиын кезеңдер мен денсаулығымдағы кінәраттар салдарынан көріпкелге бару туралы шешім қабылдадым. Туысқандарым мақтаған соң, бір емшіге таңдауым түскен. Қаладан алыста болса да, денсаулығым үшін күн сайын барып жүрдім. Емші мені қамшымен ұрып, балға, суға дем салып берді. Күн сайын он литр суды оқып береді. Оны автобуспен арқалап жүру де оңай емес. Бірақ күн өткен сайын мен емшінің көзқарасы өзгергенін байқадым. Одан бөлек, әйелі де маған жағымсыз көзбен қарайтын болды", - дейді Жансұлу.

 

Кейін емші Жансұлудың дуаланғанын айтып, бұрынғыдан да бетер оқу қажеттігін айтқан.

 

"Мені көптен бері кеуде тұсымның ауырғаны мазалап жүрді. Емші де осыны білгендей, кеуде тұсымды емдеу керектігін айта берді. Бір қызығы, ол өз үйінде кеудемді емдейтін бөлек бөлме жоқтығын айтып, менің үйіме келіп емдейтінін айтты. Алғашында қарсы болдым. Кейін үйдегі әпкем оқытылған соң жақсылап емделуім керектігін айтты. Амал жоқ, іштей қарсы болсам да, үйге келіп оқуға рұқсат бердім. Алайда, емші мен ойлағандай кеудемді киімнің сыртынан емес, қолымен ұстап отырып емдемекші болды. Шыны керек, бұған төзе алмадым. Бөтен ер адамның кеудемді ұстағаны миға сыймайды. Оның үстіне, менің үйіме арнайы келіп отыр. Дереу үйден қуып шықтым да, одан әрі емделмейтінімді айттым. Кеудемді ұстамақ болғаны намысыма тиді. Сондықтан, қыз-келіншектерге сақ болуды ескертемін. Кейбір емшілердің арам пиғылы басым тұрады", - деді ол.

 

 

 

 

 




Көрілген: 3591    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.11.2021, 17:47

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31