Мәселе

Екібастұз әкімі Ернар Айдардың афишасын жұлып тастады (видео)

  • Фото: видеодан кадр/ instagram.com/n.ashimbetov

    Фото: видеодан кадр/ instagram.com/n.ashimbetov

Екібастұз әкімі Нұржан Әшімбетов қаланы аралу кезінде ағашқа жапсырылған концерттің афишасына тап болды. Қала экологиясына қайшы келетін мұндай әрекетке шүйліккен шаһар басшысы плакатты жұлып тастады деп жазады KAZ.NUR.KZ.


Екібастұз әкімі Ернар Айдардың афишасын алып жатқан видеосын өзінің Instagram парақшасында жариялаған. Әншінің кеші бұл қалада бесінші мамыр күні өтіп кеткен.


"Қала бойынша тексеріс барысында ағаштарға жапсырылған жарнамалардың көп екенін аңғардым. Оларды өзіме шешуіме тура келді" , - деген жазба қалдырған шаһар басшысы.


Сонымен қатар Нұржан Әшімбетов сәулет және құрылыс бөлімі мен полицейлерге плакатта келтірілген нөмірлерге айыппұл салуды тапсырған.


Әкімнің бұл бастамасын желі қолданушылар да бірауыздан қолдап шықты.


"Осындайды бұрыннан ұсынғым келіп жүреді. Айыппұл салу керек. Қаламызда бәріміз бірдей тазалықта сақтайық" , "Ең мықты әкім. Әкімдер осындай-ақ, қарапайым болсын. Әрдайым ақкөңіл, ал жұмысты қатал әрі талапшыл"

"Толығымен келісемін. Дұрыс айтады. Әйтпесе, жарнамаларды қайда болса сонда іле береді. Бұл плакаттарды жапсыратын адамдарды жалдайтын әншілерге айыпұл салу керек" , деп жазуды олар.




 


 




Көрілген: 1686    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 20.05.2019, 15:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30