Мәселе

Елбасының қанынан коронавирусқа қарсы вакцина жасалатыны жайлы ақпарат жалған

  • Елбасының қанынан коронавирусқа қарсы вакцина жасалатыны жайлы ақпарат жалған

    Елбасының қанынан коронавирусқа қарсы вакцина жасалатыны жайлы ақпарат жалған

Әлеуметтік желіде Нұрсұлтан Назарбаевтың қанын негізге ала отырып жасалып жатқан коронавирусқа қарсы вакцина туралы ақпарат тараған. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарламаның шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Министрлік бұл туралы Coronavirus2020 Telegram арнасында хабарлады.

 

Желіде тараған хабарламада Назарбаевтың қаны коронавирусқа қарсы вакцина үшін қолданылғаны айтылған. Себебі Қазақстанның тұңғыш президенті індеті жеңіп шықты, яғни, сәйкесінше оның қанында антиденелер бар.

 

Хабарлама қазақстандық ғылым академиясына сілтеме жасап таралуда. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің хабарлауынша, ақпарат шындыққа мүлде жанаспайды.

 

Министрлік қазақстандықтарды мұндай хабарламаларға сенбеуге шақырды.

 

Айта кету керек, жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Қылмыстық кодекстің 274-бабында осы қылмыс үшін 1 жылға дейін, ал бір топ адамдар үшін 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы бар.

 

Естеріңізге сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаевтан коронавирус инфекциясы анықталғаны туралы 18 маусымда белгілі болды.

 

Айдос Үкібай өз мәлімдемесінде Елбасы коронавирустың симптомсыз түрімен ауырып жатқанын жеткізген болатын. Күні кеше Елбасының жазылып шыққаны хабарланды. 




Көрілген: 441    Пікірлер: 0

жұма, 03.07.2020, 21:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31